Қорғаныс министрлігінде Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары полковник Валерий Вишникин және Швецияның Мәскеу мен Қазақстандағы әскери атташесі полковник Эрьян Стрём кездесті.
Кездесу барысында әскери білім беру, бітімгерлік қызмет, сондай-ақ әскери музейлер арасындағы өзара іс-әрекет шеңберінде екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары талқыланды.