РХБҚ әскерлерінің мамандары отыз жылдық мерейтойын атап өтуде

1992 жылы шілде айының екінші жұлдызында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрамында радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс бөлімі құрылды.  

Қазақстандық әскери қызметшілер аталған әскер түрінің даңқты дәстүрлерін жалғастырып келеді. Қос мақсаттағы маман иелері, бейбіт және соғыс уақытында да өз міндеттерін атқарады. Олардың негізгі мақсаты – жаппай қырып-жою қаруынан қорғау және оны қолданудың салдарын жою.
Олар әрқашан бейбіт уақытта қауіпті өндірістік объектілердегі апаттардың салдарын жою және эпидемияның таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі міндеттерді орындауға дайын.  
РХБҚ әскерлері шетелдік және отандық өндірістің заманауи қару-жарақ үлгілерімен қамтамасыз етілген.  
Техникалық бөлікті жаңартумен қатар әскери қызметшілер өздерінің де кәсіби даярлықтарын үнемі жетілдіріп отырады. РХБҚ әскерлерінің өкілдері әскери ғылымның көптеген салаларынан хабардар болуы міндетті. Сондықтан жеке құрамды оқыту және біліктілігін арттыру әскери білімнің барлық деңгейлерінде жүзеге асырылады.
Пандемия кезіндегі күрес РХБҚ әскерлерінің қажеттілігін көрсетті.  Олардың маңыздылығын Қазақстан Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы да атап өтті.
2020 жылдың сәуір айында радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау және экологиялық қауіпсіздік әскерлерінің департаменті құрылды.  Бұл әскерлерді басқарудың сапасы мен тиімділігін едәуір арттыруға, және арнайы дайындық жүйесін жетілдіруге мүмкіндік берді.
Бүгінде бұл Бас штабтың басқару органдарын, Қарулы күштер түрлерін, әскер тектерін, өңірлік қолбасшылықтарды, бригадалар мен полктердегі жекелеген әскери бөлімдер мен арнайы бөлімшелерді қамтитын қалыптасқан және тиімді жұмыс істейтін құрылым.
РХБҚ бөлімшелерінің әскери қызметшілері осы әскер түрінде қызмет ететіндігін мақтан етеді. Өздерінің кәсіби деңгейін үнемі арттыра отырып, әрқашан елдің қауіпсіздігін қорғауға дайын.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"