Ақтөбеде аумақтық қорғанысты ұйымдастыру жөніндегі оқу-әдістемелік жиын өтті

Ақтөбе облысындағы аумақтық қорғаныс құрамасының базасында үш күндік оқу-әдістемелік жиыны ұйымдастырылды.

Оған өңірлік қолбасшылық әскерлері мен Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшылары басқармалары аумақтық әскерлер бөлімдердің бастықтары, аумақтық әскерлер құрамаларының командирлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.  
Іс-шара аумақтық қорғаныс жүйесін түрлі дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде оны өрістетуге дайындау сапасын арттыруға бағытталған.  
– 2015 жылы Мемлекет басшысының аумақтық қорғаныс жүйесін елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы жүйесіне интеграциялау туралы Жарлығының қабылдануымен аумақтық қорғаныс мамандарының оқу-әдістемелік жиыны екінші рет өткізілуде, – деп атап өтті Қарулы күштер Бас штабы Аумақтық қорғаныс департаменті бастығының орынбасары полковник Бауыржан Саконов. – Бұдан қоса іс-шараға алғаш рет облыс және қала әкімдерінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшілері, сондай-ақ өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшылары басқармаларының аумақтық әскерлер бөлімдерінің және Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бастықтары қатысты.  
Жиын барысында аумақтық қорғаныс күштері мен құралдарын өрістету, ретке келтіру және өзара іс-қимыл мәселелеріне қатысты сабақтар өткізілді. Аумақтық әскерлерді қолдану ережелерінің жобасы қаралып, жиынға қатысушылардың кәсіби дайындық деңгейі тексерілді.
Осылайша, жиынға қатысушылар оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау барысында аумақтық қорғанысты жоспарлау мен даярлауды ұйымдастыру, бөлімдер мен бөлімшелерді өрістету, ретке келтіру, оларды басқарудағы білімдерін толықтырып, практикалық дағдыларын арттырды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"