Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі талқыланды
Бейнеконференцбайланыс режимінде жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті. Аталмыш талқылауға барлық күш құрылымдарының, Қорғаныс, ақпарат және даму, білім, ғылым және спорт министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Кеңейтілген отырыс өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру және белсенді өмірлік ұстанымы бар Отанды қорғауға дайын азаматты тәрбиелеу саласындағы өзара ынтымақтастық жөніндегі жұмыстың жалғасы болып...