Жуырда «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Тараз гарнизонының құрылымдық бөлімшелері арасында мини футболдан қорытынды матч өтті.
Ойын қорытындысы бойынша, жүлделі бірінші орынды Кадр органдары жеңіп алды. Команда капитаны - «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының кадрлар бөлімінің бастығы подполковник Болат Оспанбеков. Екінші орынды Тыл қызметкерлері иеленді. Команда капитаны – Өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының (тыл жөніндегі) орынбасары - «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасы тыл басқармасының бастығы полковник Нұрлан Шорманов. Ал, үшінші орынға Қаржыгерлер табан тіреді. Команда капитаны – Өңірлік қолбасшылығы әскери қолбасшының (қаржы-экономикалық жұмыстар жөніндегі) көмекшісі - «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасы экономика және қаржы бөлімінің бастығы майор Әділет Баймурзаев.
Жеңімпаз болған командаларға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Талғат Қойбақов кубоктар мен медальдар табыстады.
Ерлан Аңсабаев
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы