Қазақстанда «Батыл Тойтарыс – 2022» ведомствоаралық кешенді оқу-жаттығу басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың күштік құрылымдар арасындағы тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету, олардың жедел және әскери-техникалық үйлесімділігін жолға қою, сондай-ақ ведомствоаралық үйлестіруді күшейту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында елімізде «Батыл тойтарыс – 2022» оқу-жаттығуы өтіп жатыр.

«Батыс тойтарыс – 2022» кешенді ведомствоаралық стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларының аумағында өтпек.

Бұл шараға Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрамалары мен бөлімдері, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылып отыр.
Оқу-жаттығудың алғашқы кезеңінде мемлекеттік шекараны қорғауды күшейту, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әскери қауіп-қатерлердің өршуі жағдайында терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезіндегі өзара іс-қимыл мәселелері пысықталады.
«Батыл Тойтарыс – 2022» оқу-жаттығу ағымдағы жылғы 16 сәуірге дейін жалғасады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"