Павлодарлық жастарға әскердегі қызметтің даму басымдықтары туралы айтылды

Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы өңірлерде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскери қызметтің беделін арттыру және жастарды әскери борышын орындауға ынталандыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру жұмысын жалғастыруда.

Әскери қызметшілер Павлодар қалалық мәдениет үйінде жоғары сыныптағы мектеп оқушыларына елімізде әскери қызмет өткеру тәртібі туралы айтып берді.
Оқушылар келісім-шарт бойынша әскери қызметтің болашағы мен әскери оқу орындарына түсу туралы ақпараттарға ерекше қызығушылық танытты.
- Келешегін Отан қорғау жолына арнағысы келетін жастар Қазақстанның әскери жоғары оқу орындарына ғана емес, сонымен қатар шетелдік оқу орындарда да білім ала алады. Білім алу мемлекет есебінен жүргізіледі, – деп атап өтті ақпараттық-түсіндіру тобының өкілі запастағы полковник Ғани Артықов.
    «Айбынды әскер» әскери-патриоттық акциясы аясында жастарға Қазақстан армиясы туралы бейнефильмдер мен әскери киім үлгілері көрсетілді.
Мемлекеттік әскери-тарихи музей Қарулы күштердің тарихына арналған экспозиция ұйымдастырды.
Болашақ әскерге шақырылушылар ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы ұйымдастырған концертті тамашалады.  
Аталған іс-шара Даңқ аллеясындағы «Мәңгілік алау» мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімімен аяқталды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"