Оқырманы қалыптасқан басылым

Құрметті «САРБАЗ» газетінің ұжымы! Сіздерді мерейлі мерекелеріңіз – «САРБАЗ» газетінің жарыққа шыққанына 90 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!

   «САРБАЗ» газеті – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде өзіндік тарихы бар, бағыт-бағдары айқындалған, қалың оқырманы қалыптасқан беделді басылым. Газет редакциясы әрдайым еліміздің Қарулы Күштерінде қызмет атқаратын барша әскери қызметшілердің Отан алдындағы борышын, ел қорғаны болар батырлардың ерлігін, тұрмыс - тіршілігін жазып келеді. Газет беттерінде жарияланған әскери-патриоттық бағыттағы іс-шаралар, жастардың рухын оятып, ел қорғаны болар нағыз жауынгер ретінде тәрбиелеуде зор үлесін қосуда.

   Тәуелсіздіктің биік тұғырында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің өркендеу жолында қаламдарыңыз мұқалмай қызмет ете беріңіздер! «САРБАЗ» газетінің ұжымына, барлық журналистерге шығармашылық шабыт, еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Полковник Сәбит Әзірбайұлы ҮРКІНБАЕВ,

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының Аягөз гарнизоны

10810 әскери бөлімінің командирі

 

  

 

Патриоттық тәрбие беруде маңызын жоғалтпай келеді

 

 

«SARBAZ» газеті – Отанымыздың қорғаныс саласының өткені мен бүгінін айшықтайтын мерзімді басылым. Газеттің жаңа стильдік формасы бар, ақпараттар ағыны қазіргі заманның талғамына лайық қысқа да нұсқа түрде беріледі.

Оның беттеріндегі ұлтының тұтастығы мен жерінің бүтіндігін мұрат еткен батырлар, аты аңызға айналған талантты қолбасшылар, қазақтардың әскери қару-жарағының тарихы, соғыс өнерін дамытуға үлес қосқан ірі тұлғалар, олардың қарамағындағыларға деген қамқорлығы мен жауынгерлерді тәрбиелеудегі өнегелі ісі туралы мақалалар аса қызығушылықпен оқылады. Басылым уақыттың талабына сай сан алуан өзгерістерге ұшыраса да, оқырманға патриоттық тәрбие берудегі мәні мен маңыздылығын жоғалтпай келеді. Қазіргі таңда өңірлік қолбасшылықтардағы тілшілер арқылы ақпараттар легі ұсынылады. Мәселен, өз ісінің нағыз маманы, газеттің «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бойынша арнаулы тілшісі Алуа Сәкенқызы Искаковамен жасақ арасындағы өзара байланыстың орнағанына көп жыл болды. Өңірдегі өкіл қыстың аязына, жаздың аптап ыстығына, күз бен көктемнің ызғарлы желіне қарамастан жауынгерлермен бірге иық тіресе еңбек етіп келеді.

   90 жасқа толған «SARBAZ» газетінің шығармашылық ұжымы майдангер тілшілердің дәстүрін жалғастыра бергей! Журналистердің әр қадамдары сәтті, көтерер жүктері жеңіл, абыройлары асқақ болсын!

Подполковник Талғат ӘМІРХАН,

Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының бастығы

 

  

 

Жаңалық жаршысына айналды

 

 

Елімізде және алыс-жақын шет мемлекеттерде болып жатқан маңызды оқиғалар, әсіресе егемен еліміздің айбынды армиясының болмыс-бітімі мен тыныс-тіршілігі туралы жаңа мазмұндағы ақпаратты жариялаудағы белсенділігі үшін әскери-патриоттық «SARBAZ» газетін көпшілік сүйіп оқиды.

Редакция ұжымының жемісті жұмысы республикамызда және одан тыс жерде болатын әскери-тактикалық жаттығулар (әскери ойындар), әскери-патриоттық жиындар, алдағы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына байланысты қорғаныс-бұқаралық жұмыстардың жүргізілуі, армиялық спортшылардың жетістіктері, әскери қызметшілердің әскери қызмет туралы ой-пікірлері, озық үлгідегі қару-жарақ пен жауынгерлік техника, даңқты Отан қорғаушылардың тұрмысы жайында мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Біздер, Қарулы күштердің ардагерлері, бұған дейін әскери қызметімізді атқарған ел аумағының түкпір-түкпіріндегі көптеген әскери бөлімдердің жаңалығын басылым арқылы үлкен ризашылықпен қабылдаймыз. Қарулы күштердегі оң өзгерістерге көңіліміз толып, қуанамыз.  

   Әскери-патриоттық «SARBAZ» газетінің ұжымын 90 жылдық мерейлі мерекесімен ҚР Қарулы күштері және Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлері Семей қалалық кеңесі Президиумының атынан құттықтаймын! Мықты денсаулық, зор бақыт, кәсіби қызметте толағай табыстар, сондай-ақ, Қарулы күштердегі оқиғаларды жариялауда білмекке құмарлық және қайсар мінез тілеймін! Әскери мамандықтарға қатысты армия ойындары мен жарыстарында салмақты нәтижелерге қол жеткізетін армиямыздың кәсіби біліктілігімен журналистік шеберліктеріңіз үндесе берсін! Очерктер, репортаждар, мақалалар жазуда әрдайым шығармашылық шабыттың ұмтылысынан таймаңыздар!

               Отставкадағы полковник Александр КОНОВАЛОВ,

ҚР Қарулы күштері және Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлері

Семей қалалық кеңесі Президиумының мүшесі

               

  

 

Ұрпақ тәрбиелеуде газеттің үлесі мол

 

 

 

«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, тарихы 1929 жылы «Қызыл әскер» газетінен бастау алатын басылыммен қазақ зиялылары Ілияс Жансүгіров, Әуезхан Көшембаев, Қасым Аманжолов тығыз байланыста болғанын білеміз. Республикалық әскери-патриоттық «Сарбаз» газетінің 90 жылдық торқалы тойын, Отан қорғаушыларымыздың төл мерекесі деуге де болады.

Қазіргі таңда заман талабына сай өзгерген бұл газеттің оқырмандары күн санап артуда. Сөзімізге дәлел келтірсек, 2013 жылдан бастап кітапхана оқырмандары арасында әскери қызметтегі адамдар, сол салада жылдар бойы еңбек еткен құрметті демалыстағы аға буын өкілдері, сонымен қатар әскери салада оқып жүрген оқушылар мен жоғары оқу орындарының студенттері де қызығушылық танытады. Газет беттерінде басылатын түрлі жаңалықтар мен сарбаздарымыздың жетістіктерінен бөлек өлеңдер мен әңгімелер де жарияланып жатады. «Жас ұлан» ерлер лицейінде ғана емес, мектеп қабырғасында да әскери сыныптарда оқып, әскери-патриоттық клубтарда отансүйгіш ұл-қыздардың тәрбиеленіп жатқаны көңілді қуантады. Сол ұрпақтың білімдерін жетілдіріп, одан әрі ізденуіне халықтың көзі, құлағы, тілі болып саналатын «Сарбаз» газетінің қосып отырған үлесі орасан зор.

   Кітапхана оқырмандары арасында газет жайлы бірқатар сұрақтар қойған едік. М.Төлебаев атындағы музыкалық колледждің 1 курс студенті Нұрислам Бейсенбаев әскери ой-танымдық газеттен қазақ жастарының патриоттық сезімдерінің оянуын, әскери тәртіп турасында ақпарат алатындығын, елдің ертеңгі иесінің елжандылық қасиеті қашанда алдыңғы орында болуы керектігін айтты. «Өнер саласында жүргендіктен бұл газеттен өнерлі әскери адамдардың еңбектерін көреміз. Тіпті оқу орнымызда әскери тәртіп пәнінен беретін, әскери-патриоттық марштық әндер авторы Самат Сыпатайұлының тапсырмаларымен де газет беттерінен ақпарат іздейміз», – дейді Нұрислам. Ал, Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университетінің 1 курс студенті Шерхан Қыңырбеков өзінің әскери салаға деген қызығушылығы арқылы 90 жылдық шежіресі бар газетті қызыға оқитындығын айтты.

   Қазақ баспасөзінде өзіндік үні бар «Сарбаз» ұжымын газеттің алғашқы санының жарияланғанына 90 жыл толуымен құттықтаймыз! Бар ғұмырында газет қалың оқырманымен бірге жасасып келеді, одан әрі қарай да жалғаса берсін! Мерейлі мереке толымды тірліктерге ұласа, шығармашылықтың шыңынан көрініп, оқырмандарды қуантатын хабарлар көбейсін! Еңбектеріңізге жеміс, шығармашылық табыс тілейміз! Ойлы оқырмандарыңызды мазмұнды мақалаларыңызбен, айшықты ақпараттарыңызбен қуанта бергейсіздер!

Арай ТАЛҒАТҚЫЗЫ

ШҚО Семей қаласындағы Абай атындағы әмбебап кітапхана қызметкері

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"