Олар Отан алдындағы міндетін адал атқарды

ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыс қаласында әскери борышын өтеуде қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына мемлекеттік наградалар табыстады.

ҚР Президенті – ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысының 2019 жылғы 7 тамыздағы «Мемлекеттік наградалармен марапаттау» туралы жарлығы бойынша әскери борышын өтеу барысында көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін аға сержант Бауыржан Әлімбеков пен сержант Әбдіқұл Ахметов II дәрежелі «Айбын» ордендерімен марапатталды. Әскери қызметшілер оқ-дәрі қоймасында өртті сөндіруге қатысып, әскери борыштарын адал атқарды. Әбдіқұл мен Бауыржан бір әскери бөлімде қызмет етті, жауапкершіліктері мол әрі ынталы болды, талап етілген жұмысты орындауға әрдайым аса жауапкершілікпен қарады.

Қызметтестері олардың әрқайсысы өзінің қызметтік міндеттеріне сай келетін кәсіпқойлығын, сондай-ақ ұжыммен қарым-қатынас орнатудағы ашықтығын және қарапайымдылығын естеріне алды. Қаза болған әскери қызметшілерге бір минут үнсіздікпен құрмет көрсетті. Арыс әскери бөлімінің жеке құрамы әскери жолдастарын еске алу үшін салтанатты марш жүріп өтті.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"