Қорғаныс министрі оқу-жаттығу барысында бөлімшелердің таулы жердегі іс-қимылдарын қадағалады

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бөлімшелері «Батыл тойтарыс – 2022» кешенді ведомствоаралық стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуының негізгі кезеңі барысында таулы жерлерде жауынгерлік іс-қимыл жүргізу тактикасын пысықтады.

Әскерлерді оқыту үшін Жамбыл облысындағы «Мәтібұлақ» полигонында шекара маңындағы таулы аудандарда заңсыз қарулы құрылымдардың бой көрсете бастауына қарай қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесі ескерілді. Қарсыласты жою үшін мотоатқыштар батальоны күшейтілген танк, артиллерия, зениттік-зымыран және барлау бөлімшелерімен әскери авиация тікұшақтарының қалқалауымен жауынгерлік қолдану ауданына марш жасады. Бөлімшелердің іс-қимылдарына Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов баға берді. Батальондық тактикалық топ арнайы операциялар күштерімен және ҰҚК Шекара қызметі бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, содырлардың базалық ауданын бұғаттап тастады.
«Skylark» барлау ұшақтарының есептоптары шартты қарсыластың бекіністі позицияларының, командалық пункттерінің, техникасы мен қару-жарақтарының орналасқан жерін анықтап, оларды басқарылмайтын авиациялық зымырандар мен артиллериямен дәлдеп жойды.
Одан соң мотоатқыштар мен танк бөлімшелері жауды талқандап, ал Ұлттық ұланның әскери қызметшілері шартты дағдарыс аймағына тазарту жүргізді.
Тактикалық оқу-жаттығудың нәтижесінің маңызы бөлімшелердің өзге күштік құрылымдармен өзара іс-қимылда жауынгерлік тапсырмаларды орындауға дайындығын тексеру, таудағы іс-қимылдардың үйлесімділігін арттыру, сондай-ақ үнемі өзгеріп отыратын қалыпты емес жағдайда және шешімдер қабылдауда командалық құрамның машығын жетілдіруде болып отыр. «Батыл тойтарыс – 2022» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың күштік құрылымдарды тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету, олардың жедел және әскери-техникалық үйлесімділігін жолға қою жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында өтіп жатқанын естеріңізге сала кетейік

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"