Қарулы күштерде әскерлерді бақылау тексерісінің екінші кезеңі өтуде

Қазақстан әскерінде қысқы оқу кезеңінде әскери бөлімдер мен құрамалардың бақылау тексерісі жалғасуда. Әскерлер полигондар мен оқу-жаттығу алаңдарына жиналып, онда бір апта бойы тактикалық оқу-жаттығулар мен жауынгерлік атыстар өткізілетін болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскердің жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында бақылау тексерісі жаңа пішінде өтіп жатыр. Осы тексеріс барысында басқару органдарының, құрамалар мен бөлімдердің іс-қимылдары бағаланады. Әскерлер бірінші кезеңде дабылмен көтеріліп, оқу-жаттығу полигондарына жіберілді. Бұл жолы бөлімшелердің марш жасаудағы үйлесімді іс-қимылға дайындығы, техника мен қару-жарақтың жай-күйі, жан-жақты қамтамасыз ету және бірлесіп орындалатын іс-қимыл мәселелері тексерілді. - Екінші кезең барысында басқару органдары, штабтар, бөлімдер мен құрамалар түрлі жауынгерлік іс-қимылдар бойынша өздеріне жүктелген оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды. Әскерлердің заңсыз қарулы құрамалармен күрес жүргізу қабілетін тексеруге, арнайы әскери операциялардың басқа да күштік құрылымдармен өзара іс-қимылдар барысына да назар аударылды, - деп атап өтті Жауынгерлік даярлық департаментінің бастығы генерал-майор Дәулет Оспанов. Бас штаб пен Қарулы күштер түрлерінің комиссиялары басқару органдарының, бөлімшелердің және әр әскери қызметшінің даярлығына баға береді. Бақылау тексерісі биылғы жылдың 16 сәуіріне дейін жалғасады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"