Келісімшарт бойынша қызмет – заман талабы

Алматы қаласының авиациялық базасында «Келісімшарт бойынша әскери қызмет» айлығы аясында  еңбек өтілі 3 жылға дейінгі келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен сабақ өткізілді.

Келісімшарт бойынша әскери қызмет әлемнің көптеген дамыған елдерінің әскерінде қолданылады (АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания, Жапония т.б.).
Авиациялық база командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Ерлан Мырзалин: Әскери қызмет өткеру қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіретінін, әскери қызметшілердің адамгершілігі мен моральдық-этикалық келбетіне жоғары талаптар қойылатынын жеткізді. Подполковник Ерлан Мырзалин Қазақстан Республикасы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңына сәйкес әскери қызмет ерекшеліктерімен негізделген әскери қызметшінің жалпы құқықтары, бостандықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері жеткізілді. Әскери қызмершілер әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік қызмет өкілдері болып табылады және мемлекеттің қорғауында. Әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған шектеулерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңнамасында көзделген барлық құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады.
Авиациялық база командирінің құқық жұмысы жөніндегі көмекшісі- әділет майоры Алмас Мустапаев келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызмет жарғысының 10 бабында көрсетілген әскери қызметшілердің қаруды алып жүру және қолдану құқықтарын жеткізді.
Авиациялық база сержанты 1 сыныпты сержант Мурадбек Аймухамедов: ҚР ҚК келісімшарт бойынша әскери қызметшілер өздерінің әскери парызын адал орындауға міндетті. Келісімшарт бойынша әскери қызметші және оның отбасы мүшелері мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғауда және келісімшарт бойынша әскери қызметке әскери қызметшілер ерікті түрде қабылданатынын жеткізді.
Сабақ соңында авиациялық база командирі подполковник Амангелды Макишев жаңадан кірген келісімшарт бойынша әскери қызметшілер – кәсіби шебер әскери қызметші болуына үгіттеді. Әскери тәртіп бөлімнің жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ететін басты шарттардың бірі екені, әскери тәртіп әрбір әскери қызметшінің өз әскери борышын және өз Отаны - Қазақстан Республикасын қорғауға деген жеке жауапкершілігін сезінуіне, өз халқына шексіз адалдығына негізделетіні ерекше аталып өтті.


Майор Дархан Кусаинов

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"