Ақтөбе гарнизонында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысы үйлестірілді

Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі гарнизондық комиссияның көшпелі отырысы өтті.

Іс-шараға гарнизонның әскери бөлімдерінің командирлері, әскери институт құрылымдық бөлімшелерінің, әскери полиция жасағының, сондай-ақ облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жетекшілері қатысты.
Кездесуде 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының ережелерін түсіндіруге ерекше назар аударылды.

– Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа ымырасыз күрес жариялады. Ақтөбе гарнизонында бұл бағыттағы жұмыстар ең алдымен әскери қызметшілердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, ашықтықты арттыруға негізделіп отыр, – деп атап өтті гарнизон бастығы подполковник Әмірқожа Айтқожин.
Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті превенция басқармасы бастығының орынбасары Нұрболат Махмұтов елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарына тоқталып, Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында қабылданып жатқан шараларды атап өтті.

Гарнизонның лауазымды адамдарына өздеріне сеніп тапсырылған бөлімшелердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тұрақты негізде анықтап, талдап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияға оларды жою жөнінде ұсыныстар енгізу тапсырылды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"