Жақында «Астана» өңірлік қолбасшылық әскерлерінде, дәлірек айтқанда 31775 әскери бөлімінде осы өңірлікке қарасты әскери полиция өкілдері, қаржы және экономика жөніндегі кеңесші майор Юрий Гутковский, заң кеңесшісі майор Бекзат Асқаров, сондай-ақ Халық банкінің өкілдері жеке құраммен кездесіп, сұхбат өткізді.
Жаңа жылдан бастап елімізде әскери қызметшілер толықтай мемлекеттік зейнетақымен қамыздандыруға көшірілді. Енді осы жүйенің қалай жүзеге асып жатқаны туралы Юрий Владимирович түсіндіріп берді. Оның айтуынша, 1998 жылдың 1-қаңтарынан кейін әскери қызметке кіріскен әскери қызметшілер осы уақытқа дейін жинаған зейнетақы жинақтарының 50 пайызын мемлекетке аударады. Осы уақытқа дейін Қорғаныс министрлігі зейнетақы қорларына, кейін БЖЗҚ-ға 86 миллиард теңге жарна аударған екен. Енді әскери қызметшілер өз зейнетақы шоттарында жиналған жинақтардың жартысын мемлекетке аударады.