Душанбеде ТМД елдерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс мәселелері талқыланды

Душанбе қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс мәселелері жөніндегі үйлестіру комитетінің отырысы және Достастық елдері қарулы күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшыларымен оқу-әдістемелік жиын өтті.

Отырыста 2021 жылы ТМД-ға мүше мемлекеттері әуе шабуылына қарсы қорғаныс бірлескен жүйесінің жедел және жауынгерлік даярлықтың біріккен іс-шараларын өткізу туралы ұсыныстар талқыланды.
Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің «Жауынгерлік бауырластық – 2021» бірлескен оқу-жаттығуын өткізу мәнісі бойынша баяндама оқыды.
«Жауынгерлік бауырластық» оқу-жаттығуы екі жылда бір рет ТМД ӘШҚҚ біріккен жүйесіндегі жауынгерлік әзірлік деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі.
Оқу-әдістемелік жиын барысында РФ Әскери-ғарыштық қорғаныс  әскери академиясы мен РФ ӘҒК Орталық ғылыми-зерттеу институтының бастықтары Достастық елдері қарулы күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшылары талқылаған әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін құру саласындағы зерттеулерді ұсынды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"