Қауіпті індеттің таралмауын қадағалауда

Қаламызда “Covid-19" індетінің таралуының алдын алу мақсатында көптеген іс-шаралар жалғасуда. 35748 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінен құралған топ Шымкент қаласында көптеген мекемелерге, көшелерге, ойын алаңдарында т.б профилактикалық және санитарлық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Соның бірі Шымкент республикалық “Жас ұлан” мектебінде залалсыздандыру іс-шаралары жалғасын тапты.

Дезинфекция арнайы аппаратпен және стратегиялық қасиеттері бар қалқан қосымша ерітіндісін қолдана отырып бүрку әдісімен жүреді. Хлордың ерекше иісі бар, бірақ ол адам денсаулығына және жануарлар мен өсімдіктер үшін мүлдем қауіпсіз.

Сонымен қатар, мектебімізде күн сайын пандемияның алдын алу үшін дәрістер өткізіліп, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.

35748 әскери бөлімінің әскери қызметшілері осындай іс-шараларды қаламыздағы жағдайды тұрақтандыру үшін қажет болғанша жалғастыратындарын айтты. Аптап ыстыққа қарамай жасалып жатқан әрекеттер айтуға тұрарлық.

 

Сара СПАБЕК,

Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебі


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"