Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі талқыланды

Бейнеконференцбайланыс режимінде жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті. Аталмыш талқылауға барлық күш құрылымдарының, Қорғаныс, ақпарат және даму, білім, ғылым және спорт министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Кеңейтілген отырыс өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру және белсенді өмірлік ұстанымы бар Отанды қорғауға дайын азаматты тәрбиелеу саласындағы өзара ынтымақтастық жөніндегі жұмыстың жалғасы болып табылады. Онда мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығы мәселелері қаралды.  
- Жасөспірімдердің бойында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мен жастарды әскери-патриоттық тәрбиеге баулу мәселелері Қорғаныс министрлігі мен басқа да орталық мемлекеттік органдар қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. «Біртұтас ұлт – біртұтас әскер» бағдарламасын іске асыру жөніндегі жоспарды бекіту әскери-патриоттық тәрбие беру жөніндегі жұмысты одан әрі жетілдіруге жаңа серпін береді, - деп атап өтті ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары - Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы, 1-ші дәрежелі капитан Серік Борамбаев.
Осы жылдан бастап Қорғаныс министрлігі өскелең ұрпақпен үлгі жұмыстарды ұйымдастырған үздік өңірге «Патриоттар мекені» ауыспалы вымпелін табыстайтын болады. Марапаттау Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған.
Кеңес барысында Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстары әкімдерінің орынбасарлары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін алғыс хаттарымен марапатталды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"