Аттестациялық комиссия жұмысын бстады

ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНДЕ   

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының 141 түлегі бір ай бойы мемлекеттік аттестациялық комиссияның қадағалауымен мемлекеттік емтихан тапсырады.

Мемлекеттік емтихан тапсыру 2 кезеңнен тұрады: біріншісі – теориялық, екіншісі – қару-жарақ пен әскери техниканы қолдану машықтығын көрсететін практикалық кезең. Сонымен қатар, жылдамдығын, икемділігін, күші мен шыдамдылығы сынды физикалық қасиеттерін тексеру үшін дене дайындығы негізгі пән ретінде енгізілген.

РЭжБӘИИ бастығы генерал-майор Асқар Мұстабековтың айтуынша, мемлекеттік қорытынды аттестацияның мақсаты бітірушілердің біліктілік талаптарының деңгейі мен сапасын тексеру болып табылады.

– Бітіруші курсанттар үшін бұл – өте жауапты кезең. Емтихан барысында меңгерген мамандықтарына сәйкес теориялық және практикалық білімдерінің деңгейі тексеріледі, - деп атап өтті ол.

Мемлекеттік емтихандар аяқталған соң курсанттар диплом жобаларын қорғайды. 

Биылғы 2020 жылы РЭжБӘИИ 14-ші рет 141 түлегін 8 мамандық бойынша шығарып салмақ.

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты зенитті-зымыранды, радиотехникалық әскерлері, әскерлер мен қару-жарақты автоматтандырылған басқару жүйелері инженерлері, байланыс әскерлері, авиацияны радиотехникалық қамтамасыз ету мамандықтары үшін білікті офицерлерді даярлайды.  

 

Меруерт САФАЕВА

                                     "Сарбаз"

 

 

       


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"