Алдын алу шарасы

«Салауатты өмір салтын насихаттап, ішімдікті, есірткі және улы заттарды пайдаланбауды ескерту» онкүндігінің аясында Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының әскери қызметшілері бірқатар алдын алу шарасын өткізді.

«Маскүнемдік, нашақорлық пен улы заттар – құқық пен тәртіп бұзушылықтың басты көзі» дей келе, әскери қызметшілер мен азаматтық персоналға спирттік ішімдікті, есірткі және улы заттарды қолдану жағдайында болатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мәселесін түсіндіріп өтті. Жауапкершіліктер мен зияндылығы жайында да айтылды. Жасақтың әскерилері бекітілген әскери бөлімдер мен мекемелерде иісшіл иттердің көмегімен есірткі заттарының бар-жоғын тексерді. Кинологтар жетектеген иттер әскери бөлімдердің аумағындағы ғимараттарды және әскери техникаларды да тіміскілеп шықты. Онкүндік аясындағы алдын алу шарасында коронавирустық инфекцияны таратпау мақсатындағы санитарлық-гигиеналық шаралар қатаң сақталды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"