«Латын қарпіне көшу – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе»

Туған елім – тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы, Өссе тілім, менде бірге өсемін, Өшсе тілім, мен де бірге өшемін! – деп, ақын Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс – берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек, жаңыла қоймаспыз. «Тіл мен тарих – тамырлас» - деп Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өте орынды, терең мағынада айтқан. Расында да, қазақ тіліміз қазақ халқымен бірге талай сүрінді, дағдарысқа ұшырады, талай шыңдарға көтерілді. Тілімізді, жазба әдебиетіміздің байлығын сақтап қалуға зор үлес қосқан, репрессияға ұшыраған ағаларымызға мың рет тағзым етеміз! Ана тілі – халық болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін бәйтерегі. Тіл бал да, у да бола алады. «Тіл – сүйектен өтеді» - деп дана халқымыз айтқан. Ана тілін сүйген, сыйлаған адам – туған жерін, туған елін, Отанын, атамекенін, жерінің табиғатын, қасиетті топырағын, тіпті әрбір тасына дейін сүйеді деуге болады. Әр адамға өзінің туған жері, елді мекені алтыннан да қымбат.Тіл – ананың ардақты сүтімен балаға берілетін баға жетпес асыл мұра, қасиетті де, қастерлі қазына. Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті. Ана тілі арқылы сөйлеп қана қоймаймыз, ойлаймыз да. Бұл табиғи заңдылық.

 

Соңғы кезеңде қазіргі қазақ жазуында қолданылып жүрген әліпбиді латын әріптерімен ауыстыру мәселесі жөнінде жиі-жиі сөз бола бастады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Халқына  Жолдауында латын қарпіне көшу мәселесіне тоқтала келіп: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруге, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады», - деп атап көрсетті.

Елбасымыз қолдаған латын қарпіне көшу мәселесі тіл саласында – өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Бұл – ана тіліміздің тағы да бір үлкен бастамасы. Қазақ халқы – әрқашан жаңашылдықты қолдаған халық. Егер латын қарпіне көшу – еліміздің ары қарай өсіп-өркендеуіне жол ашудың бірі болса, неге жаңа бастаманы қолдамасқа?...Осыған байланысты жуырда Петропавл қаласы әкімдігінің «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен» өткізілген облыстық С.Мұқанов атындағы кітапханада «Латын қарпіне көшу мәселелері» атты дөңгелек үстелде жан-жақты талқыланды.

 «Тіл туралы» Заңдағы Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір адамзатының парызы” – деген. Туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір адамзаттың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымыз, салт-санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор.

         Осы орайда, Солтүстік Қазақстан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті, басқарма және бөлімдері ана тіліміз – қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту жолында ауқымды шаралар өткізіп келеді. Соның бірі ретінде «Тіл – татулық тірегі» атты фестивальді атап өтуге болады. Бұл мәдени шаранаңы басты мақсаты – Қазақстанда тұратын ұлттар достығын нығайтуға, халықтардың салт-дәстүрін, өнерін, мәдениеті мен өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді еркін меңгергенін көрсетуге бағытталды. Іс-шараларда қазақ халқының баланы бесікке бөлеу, тұсау кесу, беташар, шығармалардан үзінді көрініс, кітаптар көрмесі, қазақтың дастарқаны, келін түсіргендегі дәстүрлер, дөңгелек үстел, кездесулер, мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар сайысы, ашық сабақтар, «Полиглот» сайыстары  т.б. шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Қорғаныс саласындағы әрбір мекеме қызметкерлеріне қазақ, орыс, украин, татар, неміс, грузин халықтарының мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын көрсету ұсынылды. Барлық Қорғаныс істері жөніндегі басқарма мен бөлімдерінің арасында осындай мәдени іс-шаралар өткізуде Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның, Жамбыл ауданының  Қорғаныс істері жөніндегі бөлімдердің тартымды іс-шараларын атап айтуға болады. Онда әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдың балалары арасында «Менің Отаным –Қазақстан» атты суреттер көрмесі, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты орыс тілді азаматтардың арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша дөңгелек үстел, «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты викторина өткізілді.

«Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында өткізілген дөңгелек үстелде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, СҚО тілдерді дамыту басқармасының өкілдері, ардагерлер мен оқушылар, мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты, олар өз ойларын ортаға салды. Бұл шаралардың барлығы жоғары деңгейде өткізілді. Ұлттық тағамдардың әр алуан түрлілігі, ұлттық киімдердің жарқын түстері, ұлттық фольклор – осының барлығы  фестиваль тақырыбын ашып, көрермендерге әр түрлі қырынан көрініп, қызықтыра алды. Айлық барысында тек жеке құрам ғана қатысып қоймай, тіпті олардың отбасы мүшелері де атсалысты. Іс-шаралардың аясында латын қарпіне көшу, үштілділік, мемлекеттік тілдің мәртебесі, ҚР Қарулы Күштерінің 25-жылдығы туралы мәселелер қозғалды. Белсенді қатысқан әскери қызметшілерге сыйлықтар берілді. Аудандарда  Қазтест сынағын тапсырып, тиісті ұпай жинаған әскери қызметшілерге мен ҚР ҚК жұмысшылары мен қызметкерлеріне «Мемлекеттік тілді жетік меңгергендігін» куәландыратын сертификаттар табыс етілді. Қорғаныс істері жөніндегі дапартаменті, басқармасында жеке құраммен ашық сабақтар өткізілді. Сабаққа жеке құрам белсене қатысты.

Ұжымдардың көріністерінен кейін өздерінің пікірлерімен әділ қазылар алқасы бөлісті. Олардың сөзі бойынша, фестиваль өзіміздің қызметкерлеріміз арасындағы дарындыларды айқындады, қорғаныс саласы қызметкерлерінің  жан-жақты қабілеттілігін және ең алдымен Қазақстан Республикасында өмір сүретін жүзден аса ұлт пен ұлыстардың достығы мен ынтымақтастығын көрсетті.

Елімізде өмір сүретін барлық ұлт пен ұлыс өкілдеріне ана тілдерін оқып-үйренуге барлық жағдай жасалған. Осы фестиваль ұлтаралық бірлікті нығайтудағы мемлекеттік тілдің маңызы зор екендігін көрсете алды. Бұл ұлтаралық келісім мен достықты нығайтудың, Қазақстанда патриотизмді қалыптастыруда маңызды факторлардың бірі деуге болады. 

 

 

 

Е.Жұматаева,

Тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің

 мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі маманы


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"