«Біз көрген сұрапыл соғысты қазіргі ұрпақ көрмесін»

Асылхан Бекбаев(6-дивизия құрамында Беларусь пен Батыс Еуропа даласын жаудан қорғаған майдангер, 95 жаста):

–Соғыс алдында елдің тұрмысы ауыр болды. Сол жылдары Кеңес үкіметі барлық малды тартып алды. Елде аштық жайлады. Жұматай деген туған бауырым бар еді. Аштыққа шыдамай жалғыз бауырым да көз алдымда қайтыс болды…Мен майданға 18 жасымда аттандым. Біз алдымен жаумен Беларусь аспанында соғыстық. Әскери аэродром Бобруйскте болды. Ұшқыш, сардар, авиация генерал-полковнигі Тифомей Хрюкиннің қарамағындағы 6-бомбалаушы авиациялық дивизиясында әскери борышымды өтедім.

Бірде неміс ұшақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, аэродромды бомбалады. Менің ұшағыма снаряд тиіп, мен парашюттан секіруге мәжбүр болдым. Есімді жисам, ауруханада жатырмын. Сөйтсем, минаның жарықшақтары басыма тиіпті. Сол кезде Татьяна Новикова есімді беларусь қызы мені күтіп, қарап жүрді. Кейін екеуміз үйлендік. Татьяна ислам дінін қабылдап, қазақша үйреніп алды. Ауруханада 4 ай жатып, сауыққан соң қан майданға қайта аттандым. Біз барлық берілген бұйрықты бұлжытпау орындауға тырыстық. Жас болдық. Елімізді жаудан қорғау үшін жанталастық. Фашистер қатыгез еді. Ешкімді аямайтын. Құдай сақтасын, сұрапыл соғысты ешкім көрмесін. 4 жыл фашистермен соғыстым. Шығыс Пруссияны жаудан азат етуге ат салыстым. Жеңісті Кенигсбергте қарсы алдым. Одан кейін 4 жыл Беларусьта әскери борышымды өтедім. Одан кейін елге аман-есен оралдым.


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"