Үздіктер анықталды

Алматы қаласы мен Панфилов кентіндегі ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының оқу-жаттықтыру орталықтары базасында Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 70-тен аса оқушы әскери-қолданбалы жүзу, әскерилендірілген кросс және оқ атудан сайысқа түсті.

Жалпы командалық есепте Семей қаласы әскери-патриоттық клубының құрамасы турнир жеңімпазы атанды. Екінші орынды Алматы облысының құрамасы, үшінші орынды Қостанай қаласы құрама командасының тәрбиеленушілері жеңіп алды.
«Барлық қарсыластар мықты болды. Балалардың спортпен жете айналысатыны көрініп тұр. Бірінші орынды иелену үшін құрама командамыз барлық күш-жігерін салды. Жаттығу барысында жинақтайтын шеберліктеріміз бен дағдыларымызды паш ету мүмкіндік беріп отырған осы ойындардың ұйымдастырушыларына үлкен алғыс білдіргім келеді», - деп Семей қаласы әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушісі Талғат Бейсенбаев өз ойымен бөлісті.
Қазіргі уақытта тоғыз әскери гарнизонда әскери қызметшілердің балаларына арналған тегін секциялар жұмыс жасайды. Онда 6 мен 16 жас аралығындағы балалар қазақ күресі, үстел теннисі, армиялық қоян-қолтық ұрыс және спорттың көптеген өзге де түрлерімен кәсіби тұрғыда шұғылдана алады. Әскери-патриоттық клубтардың жұмысын үйлестіру, жастарды Қарулы Күштерде әскери қызмет етуге дайындау, әскери қызмет өткеру кезінде оларға қажетті машық пен шеберлікті қалыптастыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау, дене тұрғысында жетілдіру, жастардың әскери-қолданбалы және техникалық дайындығы әскери-патриоттық тәрбие беруді жетілдіруде Қарулы Күштер қызметінің маңызды құрамдасының бірі болып табылатынын айта кету қажет.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"