Танкті тізгіндеген қазақ батыры

Қазақ – батыр, жауынгер халық. Мұны халқымыз ел басына күн туған шақтарда талай рет дәлелдеген. Әсіресе, екінші дүниежүзілік соғыста ерліктің ерен үлгісін көрсете білді. Неміс фашистерімен бетпе-бет келген Кеңес әскерінің қай түрін алып қарасаңыз да қазақ батырларының қарасы көрінеді.

Шынында да, жауынгер халқымыздың соғысқа аттанған атпал азаматтарының талайы қанды майдандарда қайсарлық мінез танытқаны жасырын емес. Олардың көбінің аттары тарих хатына түспей де қалды. Сондай-ақ, баһадүр аталарымыздың арасында талай ерліктің үлгісін көрсетсе де, тіпті Кеңес Одағының Батыры деген атаққа ұсынылғанымен, белгілі-белгісіз себептермен ала алмағандары да баршылық. Солардың бірі жайында жазылған төмендегі тарихи деректі оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Рахметов Жұмаш  Рахметұлы –  бүкіл Орталық Азия мен Қазақстан бойынша танкистер  тізіміне  енген  бірден-бір адам.

 Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушы.   Қазақ. 1919 жылы Қарағанды облысы Қарсақбай ауданының 6-шы ауылында дүниеге келген. 1941жылы Сызрань танк училищесін бітірген. 3-і механикаландырылған корпустың 1-і гвардиялық танк бригадасындағы, 1-танк батальонының 2-і ротасына взвод командирі болып тағайындалып, Батыс, Брянск, Калинин майданындағы шайқастарға араласады.

Рахметов ұрысқа батыл жұмылдырумен қатар, жеке өзінің батырлық үлгісі алғашқы шайқастарда танылады. Рубцово елді мекенінде әскери барлау кезінде жаудың бекінісін дәл тауып, жойып жібереді. 1942ж. қыркүйек-қазан айларында Ново-Бояршина-Ходулихо бағытында Калинин майданында Батыс Оленин тобын қоршауға алып, талқандау жүргізіледі, Рахметовың басқаруымен жауынгерлік тапсырма мүлтіксіз орындалады, нәтижесінде жаудың 12дзоты, 3 минометі, 5пулеметі, 80 астам солдат офицері жойылады. Савино-Толкачи пункте ол басқарған танк экипаждары ұрыста  жаудың 13 дзотын, 3 зеңбірегін, 5 танкісін, 100 жуық гитлершілерді жойып , Михеев ауылына бірінші болып кірген. 1942жылы 20 – 24 желтоқсанда Калинин облысының Оленин ауданындағы Вереиста деревнясы маңында  күші  басым жаудың 11 танкісін жойып қаза тапқан. Жеке өзі жаудың 4-танкісін, 15 зеңбірегін, 36 дзотын, 6 минометін, 19 пулеметін, 300 жуық солдат-офицерін жойып жіберген.

 «Қызыл жұлдыз», 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған. 1943жылы 25 қаңтарда корпус командирі, генерал-лейтенант М. Катуков аға лейтенант Ж.Рахметовті «Кеңес Одағының Батыры» атағына ұсынған. Бұл жөнінде нақты құжат бар. Бірақ бұл құжат белгісіз жағдаймен заңдық тұрғыда бекімеген.


Cвязанные новости:
Көшірмеге қайта келу
Пікірлер

Жүгіртпе / Лента