Ұлы даланың қаһармандық шежіресі

Алматының жанға жайлы сары ала күнінде Орталық Азия университетінде өткен іс-шара жастар рухын биіктете түскендей болды. Университеттің салтанат залы өрімдей жастарға лық толды. Ортада батыр тұлғалы жігіт ағасы бүгінгі жиынның мәнісімен жұртшылықты таныстырды. Зал сілтідей тынды. Бұл «Әскери-патриоттық тәрбие призмасы арқылы азаматтық қоғамды қалыптастыру. Тарих, қазіргі заман, болашақ» тақырыбындағы конференция болатын.  Жиынның мақсаты ¬- ¬¬кешегі бабалар салған дәстүрді жаңғырту. Әу бастан жаңашылдыққа бейім жастар ортасы бүгінгі орындалар мақсатты қолдауда ерекше құптарлық ниет танытты.

Қазақстан Республикасының әнұраны айтылған тұстан бастап жастар ортасы аса бір ыждаһаттылықпен туған жер мен елге деген қастерлі ұғымдарды жүректеріне ұялатып, өзгеше әсерде болды. Менің ойыма Қасым Аманжоловтың «Туған жері», Қадір Мырзалиевтің «Атамекені» орала берді.
Бұл жиын басқа жиындардан өзгерек болды. Алғашқы сөзді университет ректоры алды. Ол өз сөзінде ата-баба дәстүрін, әдеті мен ғұрыпын сақтай отырып, алдыңғы толқын ағалар мен жерімізді қорғаған батырлар өмірі елдіктің өшпес символы екенін баса айтты.  
Ал, Ш.Уалиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Ермұханұлы Кабулдинов мырзаның ұлы даланың басынан өткен небір қиын қыстаулар мен жеңістері жөніндегі деректі ғылыми баяндамасы тыңдаушы қауымды тарих қойнауларына бойлатты. Сонау сақ, түркі замандарынан ел мен жұрт мәселесі қазақ ұлты үшін ең басты мәселе болғанын баса айтқан ғалым, түрлі деректермен жастар санасын сілкінткендей болды. Сондай-ақ, еуропалық центризм мәселелеріне де аса байыптылықпен қарау керектігіне көңіл бөлді.
Патриоттық тәрбиенің маңыздылығы жөнінде сөз қозғаған Құрлық әскерлері әскери институты ғылыми зерттеу бөлімінің бастығы подполковник Болат Қалқайұлы Құдабаев та ғалымның сөзін қоштап, батырлар тарихының әлі де болса тереңірек зерттелуі керек екендігін айтты.  
Құрлық әскерлері әскери институтының доценті, полковник Жоламан Қыранұлы Көптікбаев бүгінгі әскери оқу орындарында әскери білімді игеруші болашақ офицерлердің күнделікті өмірінің әр қадамы патриотизмінің терең ұғымдарымен тығыз байланысыта екендігін мысалдармен келтірді. Күнделікті жауынгерлік дайындық пен саптық, қарауылдық, тәртіптік білік мазмұнында негізгі ұстаным отансүйгіштік және ол әр курстық сатыда түрлі деңгейде білім жүйесінен орын алғанын ортаға салды. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап ауыл балаларының әскери институтқа көбірек тартылып келе жатқаны және ол жастардың өз ана тілінде білім алуға қолға алынғанын да тілге тиек етті.
      Осындай іс шараны кең масштабта ұйымдастырып отырған «Қаһарман ұрпақ» қоғамдық қорының президенті Қайрат Меңдібайұлы Елубаевтың ісі кейінгі буын жастарға үлгі екендігі анық.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында:  «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты¬руы тиіс. ...  Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды.... Білімнің салтанат құруы   Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет»-деген ұстамды сөзі бәрімізге тиянақты ой салды.
Міне, Елбасының осындай түйінді сөзі болашақ маман даярлауда негізгі бағытқа алынары сөзсіз. Бүгінгі  курсант ертеңгі саналы офицер өз ісінің шебері болатын маман үшін алдымен саналы білім, қалыптасқан дағды мен ерге тән мінез қажет. Осы ретте Н.Назарбаев «Са¬наның ашықтығы зерденің үш ерекшелігін біл¬діреді. Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.   Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек. Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі» деген сөзі арқылы жастарға жөн сілтеп, олардың келешегіне үміт отын жақты. Елбасымыз нұсқаған осы қағида әскери білім берудің методолгиясына сай келетін бірден бір ұстаным.
Бүгінгі шығармашылықпен айналысқан курсант – ертеңгі сан мыңдаған сарбаздың рухани дүниесіне биік парасаттылықтың дәнін егер диқаншы.  Сондықтан оның өнімі де тілдің келешек ұрпақ тәрбиесіндегі танымы болып табылады. Әскери салада қызмет атқарып, Отан қорғау жолында борышын өтеген талай жазушыларымыз келешек ұрпаққа кешегі Ұлы Отан соғысындағы ерлік пен елдіктің символын қаруымен де  қалам қайратымен де көрсете білді.
Сондықтан патриоттық тәрбиенің басты кілті мемлекеттік тілдің болмысымен дәйектеледі. Әскери әлемеуттік жағдайда тіл ұғымы кеңінен шешімін тапқанда ғана ел қорғау рухының мазмұны биік болары сөзсіз. Қазақ тілінде өзінің дүниетанымдық болмысын жете түсінген курсанттың санасында  елдіктің терең ұғымдары көрініс табады. Ел қорғаушының рухани болмысы ана тіліміздің табиғатымен мазмұндалып, сіңірілгенде ғана Отанды сүю, қорғау сияқты ұлы мақсаттар берік, әрі өміршең болатыны сөзсіз.
Ел қорғаушы –  келешек қолбасшыларымыздың  рухани түлеуі –  тәрбие алған ортасынан бастау алады. Міне, осы ыңығайда Құрлық әскерлері әскери институтының полковнигі Ораз Ғалымжанұлы Кучуков бүгінгі конферецияға институт курсантарын қатыстыра отырып: «Бүгінгі жиын біз әлі тани қоймаған бірақ өнегелі өмірі мәңгілік үлгіге айналған тұлғаларды танытатын жиын» деді. Елінің сан ғасырлық мәдениетін бойына сіңіріп, оны жан-дүниесіне берік ұялатқан ұлан ғана ұлтының, жерінің қадір-қасиетін биік ұстап, ерлік пен елдіктің туын желбірететіні анық. Ендеше ұрпақ алдында ана тіліміздің мерейін  мейлінше дәйекті ету –  баршамыздың басты міндетіміз. Жеріміз тыныш, аспанымыз ашық болып,Тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Әскери құрылым жоғары патриоттық ұғымдар мазмұнын құрайтын өз алдына әлеуметтік сипаты бар – құрылым.  Осы орайда курсанттарымыз  алдыңғы толқын ағалар өнегесінен үлгі алып, оны бойына ұялатып алға басуда.

Биғат Тамаева,
Құрлық әскерлері әскери институты
мемлекеттік тіл кафедрасының меңгерушісі

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"