«Үлгілі үй» - жарқын болашақ негізі

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Үлгілі үй» сайыс-сынағы аясында қазан мен қараша айында Әуе қорғанысы күштерінің әуе қозғалысын басқару Бас орталығы (36739 әскери бөлімі) мен оның барлық қалалардағы бағынышты бөлімшелерінде әскери қызметшілер мен олардың жанұя мүшелерінің қатысуымен «Үлгілі үй» сайыс-сынағы өткізілді.

«Отан отбасынан басталады» демекші, сайыстың негізгі мақсаты – әскери қызметшілер мен олардың жанұяларында отбасылық құндылықтарды дәріптеу, үлгілі жанұялардың жағымды дәстүрлерін, ұрпақты Отан сүйгіштікке, ізгілік пен білімпаздыққа тәрбиелеудегі қол жеткізген жетістіктерін насихаттау болып табылды.
«Үлгілі үй» сайыс-сынағы ұйымдасқан негізде өте жоғары және сапалы деңгейде өткізілді. Сайыстың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне аға сержант Гүлзада Аманжолова басқаратын бөлімнің әйелдер кеңесі мүшелері тікелей ат салысты. Жарыс барысында әскери қызметшілердің жанұя мүшелеріне өздерін барлық қырынан танытуға жағдай жасалды.
Сайыс нәтижесінде әр бөлімшеде жеңімпаздар анықталды. Астана әуе қозғалысын басқару орталығы бойынша ефрейтор Галина Гаврилинаның жаұясы жеңімпаз болып танылса, Орал қаласында майор Андрей Аманғалиевтың жанұясы озық шықты. Басқа бөлімшелер де олардан қалыспады. Атырау қаласында келісімшарт бойынша жауынгер Божанов Темірланның жанұясы жеңіске лайық деп танылды. Павлодарлықтар да өз мықтыларын іріктеді, мұнда орталық бастығы майор Вячеслав Мосинның жанұясы оқ бойы озық шықты. Басқа қалалар бойынша Қызылордада Елеулиевтер отбасы жеңіске жетсе, Алматы қаласында аға лейтенант Рафаэль Нурмухамедовтың жанұясы озат атанды, Шымкент қаласында майор Мирзокарим Хайтметовтың жанұясы топ жарса, Ақтау қаласында кіші сержант Дамир Бимағамбетовтың жанұясы жеңіке жету жолында алдарына жан салмады.
Осылайша аталған сайыс та өз мәресіне жетті. Осы іс-шарадан қандай нәтиже күткен болсақ, соның барлығы іске асқан тәрізді. Себебі, жалындаған жас жеткіншектердің сайыстан алған әсерлерін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Негізі бұл шараның көздеген мақсаттарының бірі де балаларды пайдалы іспен шұғылдануға баулу болатын. Олар бір-бірінің өнерлерін, білімде, өнерде, спортта жеткен жетістіктерін көріп, болашақ өмірде өз орнын табуға қажетті қандайда бір мамандықты таңдауға бағыт-бағдар алғаны белгілі.
«Жанұя – шағын Отан» демекші, отбасылық құндылықтары дәріптелген, өзара түсіністік пен сыйластыққа бөленген жанұялар неғұлым көп болса, еліміздің де мерейі үстем болып, Елбасымыз ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасында атап көрсеткен құндылықтарды жүзеге асыруға қосқан зор үлес болып табылатыны кәміл.

Майор Айбас Нұрғазиев  
36739 әскери бөлімі


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"