Құрметті Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен қызметшілері!

Сіздерді Наурыз мейрамымен құттықтаймын!     

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен етене өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі санаған. Бұл басты тұрмыс қағидаты Ұлы даланы мекендеген халықтардың дүниетанымы мен құндылықтарын қалыптастырды» деп атап өтті.

Осы дүниетаным мен мәдени мұраның бір бөлігі жыл сайын көктемде күн мен түннің теңелетін сәтінде атап өтілетін Наурыз мейрамы болып табылады.

Ғасырлар бойы бұл мереке табиғаттың жаңаруы мен гүлденуін айшықтап, адамдарға жаңа бастамалар жасауға рух берген. Тәуелсіздік жылдары Наурыз мейрамы этникалық және конфессиялық тиесілігіне қарамастан, Қазақстан халқын біріктіретін ортақ мерекеге айналды.  

Наурыз мейрамы қасиетті құндылық ретінде адамдарды бейбіт өмір сүруге, жақсылық пен келісімге ұмтылуға жетелеп, әр шаңыраққа жақсылыққа толы мол үміт ұялатады. Осы құндылықтардың қорғаны – біздің Қарулы Күштеріміз.

Көктемнің осы шуақты мерекесі әрқашан достығымызды нығайтып, өзара құрметіміз бен түсіністігімізді арттыра түссін.

Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, ашық аспан, отбасы берекесін, бақыт пен молшылық тілеймін!

 

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

генерал-майор Н.Ермекбаев


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"