ҚР Қорғаныс министрі әскери қызметшілерді құттықтады

2018 жылдың 7 мамырында Қазақстан Республикасында Қарулы Күштердің құрылғанына 26 жыл толуы және 9 мамыр күні 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығы атап өтіледі.
Ел Президенті - Жоғарғы Бас Қолбасшы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей ұйытқы болуымен құрылған төл Қарулы Күштеріміз Тәуелсіз Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін сақтау жолында сенімді қалқан болды.

Тәуелсіз Қазақстан әскері – бұл бүгінде қазіргі заманға сай және жаңартылған қару-жарақпен, әскери техникамен жабдықталған, мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиімді шеше алатын икемді басқару жүйесімен қамтылған өте мобильді армия.

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында біз Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 26 жыл толған күнді атап өтеміз. Яғни, жеңімпаз аға толқынның ерлігі – біз үшін отансүйгіштік қасиеттердің үлгісі болмақ. Бүгінгі таңда Қарулы Күштердің әскери қызметшілері әскери дәстүрлерді сақтай отырып, Қазақстан халқының тыныштығын сақтау жолында Отан алдындағы қасиетті борыштарын адал атқарып келеді.

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен, Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 26-жыл толуымен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 73-жылдығымен құттықтаймын!

Еліміздегі барша ардагерлерге зор денсаулық, жақсы көңіл-күй мен жарқын өмір, ал әскери қызметшілерге Тәуелсіз Қазақстанның қорғаныс қабілетін нығайту жолында толағай жетістіктер тілеймін.

 

ҚР Қорғаныс министрі

генерал-полковник С.Жасұзақов


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"