«Құрлық әскерлері Әскери институтының тарихы» атты мұражай ашылды

Мұражайды құру мақсаты ұлттық мәдениетті жаңғырту, сақтау және дамыту, үздік жауынгерлік дәстүр негізінде өскелең ұрпақтың рухтылығының өсуі, өткеннің тарихына қызығушылықты ояту және тарату, әскери жоғары оқу орнының құрылуы мен дамуы тарихы, оның дәстүрлері, оның құрылған сәттен бастап қазіргі уақытқа дейінгі қызметі туралы айтып беру болып табылады. Мұражайды құруға офицерлер мен сержанттар, институт ардагерлерінің кеңесі, тәрбие және идеологиялық жұмыс кафедрасының офицерлері мен курсанттар қатысты.

Ұсынылған материалдардың арасында институттың бүкіл қызметі мен даму кезеңдерін сипаттайтын нақты құжаттар мен өзге де заттар бар.
Мұражайдағы төрді ӘЖЖКУ бірінші бастығы генерал-майор Вачакан Власовқа арналған экспозиция алып отыр. Экспозиция ретінде өткен түлектердің қызметі туралы сыр шертетін материалдар жинағы ұсынылған. Мұражай институт тарихымен, даму тарихына қатысы бар бірегей құжаттар мұрағатымен танысуға, әскери жоғары оқу орнының қалыптасуында маңызды рөл атқарған институт басшылары туралы білуге мүмкіндік береді. Мұражай экспозициясының негізін стендтерде жарияланған ғылыми материалдар мен фототүсірілімдер және оның кафедраларының тарихы арқылы ЖОО-ның қалыптасуы мен дамуы туралы айтып беретін түпнұсқалық жәдігерлер, сондай-ақ сайыс жеңімпаздарының құрметті және ауыспалы жалаулары мен вымпелдары, спорттық жеңістерге берілетін кубоктар, грамоталар мен жүлделер құрады.
«Біздің мұражай – бұл өткеніміз бен қазіргіміздің ұштасатын және болашақ ұрағымыз қалыптасатын орын. Біз институт тарихын зерделейміз, Отанымызды қорғай отырып, қаза болған батырларымыздң ерлігін ұмытпаймыз және әскери істі, Отанды қорғауды игеруге және батырларымызды еске алып отырамыз», - деп атап өтті 3-курс курсанты Оразай Шишхан.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"