Қазақстан қорғанысының жетістігін жазуды нәсіп етсін

Егемендігіміздің алғашқы жылдарында сол кездегі астанамыз Алматы қаласынан Қорғаныс министрлігінің орталық органы ретінде «Қазақстан сарбазы» газетінің алғашқы нөмірі қазақ және орыс тілдерінде жарыққа шыға бастағаны есімізде. Ол кезде, әрине, бұл басылымның тарихы сол тұста басталған шығар деген ойда болғанымызды мойындаймын. Десе де уақыт бәрін аршып берді емес пе? Бұл үнжарияның өткені тоқсан жылмен тоқайласады екен. Мұны тарихқа, өткенге құрмет деп бағалар едім. Ал осынша шежірені бүгінге танытуға қызмет еткен жігіттерге қай кезде де құрмет көрсеткен жарасады.

«Сарбаз» газетінің тарихын тоқсан жыл бұрыннан бастау бекерден-бекер жасала салған тұжырым емес екені анық. Бұл іске саланың білгірлері, ғалымдар да атсалысты. Ресми құжаттарда «Сарбаз» Алматыда 1969 жылдан бастап шыға бастаған «Жауынгерлік ту» газетінің базасында құрылған деп көрсетілді. «Жауынгерлік ту» «Қазақстан сарбазы» газетінің ізашары, бастаушысы болды. Ал Қазақстанды аумақтық тұрғыда қамтыған әскери басылымдар бұдан бұрын шығып жүргенін білеміз. Мұны олармен щатастырмаған да абзал. Бұл тұрғыда мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Александр Рожковтың пікіріне құлақ асу қажет деп есептеймін. «1929 жылдан бері шыққан «Қызыл әскер» қазақи әскери газетке назар аударған анағұрлым қисынды болар... «Сарбаз» және «Қызыл әскер» газеттерінің контент-талдауын жасап, біз тақырыптың ұқсастығын, баламалы әскери, патриоттық проблема мен әсіресе, тілдік аспектіні, қазақ тіліндегі басылымын атап өтудеміз. «Қызыл әскер» газеті Қазақстан әскери баспасының іргесін қалаушы болып табылғанын нық сеніммен айта аламыз", - деген ол.

«Сарбаз» газетінің 90 жылдық тарихы бар екені жөнінде ғалымдардың да ойы бір жерден шықты. Бұған, әрине қуанамыз. Және газеттің ұжымына шығармашылық табыс тілейміз. Әскери журналистерге тек қана Қазақстан қорғанысының жеңісін, жетістігін жазуды нәсіп етсін!

Подполковник Нүркен ҚАРАҒҰЛОВ, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 35748 әскери бөлімінің командирі


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"