Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналды

Алматы қаласындағы АОСК оқу-жаттықтыру орталығының базасында армия генералы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, № 1 Халық Қаһарманы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовты еске алуға арналған бокстан жиырма екінші халықаралық турнир өз мәресіне жетті.

Жарыс дәстүрлі түрде өткізіліп, халықаралық мәртебеге ие болған. Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстаннан 150 боксшы қатысып, бірнеше күн бойы мықтылар күш сынасты. «Айтулы турнирді өткізу – бокс әлеміндегі маңызды оқиға. Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовты еске алу турнирі отандық боксшылар үшін кеңінен танымал болған, қазіргі спорт күнтізбесіндегі ірі жарыстардың бірі», - деп Алматы қаласы Бокс федерациясының вице-президенті, еңбек сіңірген спорт шебері,әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының қатысушысы Михаил Юрченко атап өтті. Турнир қорытындысы бойынша АОСК-нің бокстан штаттық команда спортшысы Сапарбай Айдаров үздік боксшы деп танылды, Ерлан Ғазизов үздік қазы атанды, ал Қырғызстанның спортшысы Асылбек Аманқұлұлы «жеңіске жетудегі ерік-күші» аталымын алды. Өз салмақ дәрежелерінде турнир жеңімпаздары атанғандар: Берікбаев Мардан(АОСК, 49 кг), Мұзапаров Әнуар (АОСК, 52 кг), Кучкаров Абдулло (Өзбекстан, 56 кг), Сиқымбаев Айдын (ОҚО, 60 кг), Эрдэнэбат Цэндбаатар (Моңғолия, 64 кг), Өміртай Нұрхат (Қарағанды облысы, 69 кг), Айдаров Сапарбай (АОСК, 75 кг), Сабыров Нұрлан (Маңғыстау облысы, 81 кг), Сандрахманов Мадияр (Өзбекстан, 91 кг) және Фоминых Дмитрий (Ресей Федерациясы, 91 кг жоғары). 
«Бүгінгі жекпе-жегім ұнады, мұқият дайындалып, жеңіске жетуге деген сенімім нық болатын. Қарсыластарым да мықты болды, ұрыс та күрделі еді. Біздің команданы үздік сайыс көрсеткендері үшін құттықтағым келеді. Қолдау көрсеткен жаттықтырушыға және командаға, сондай-ақ барлық жанкүйерлерге алғысымды білдіремін!», - деді турнирдің «үздік боксшысы», 75 салмақ дәрежесіндегі жарыс жеңімпазы, Армия орталық спорт клубының спортшысы Айдаров Сапарбай. Жарыстың нәтижелері бойынша жеңімпаздар Астанада ағымдағы жылдың мамырында өтетін ҚР Президентінің кубогына және Индонезияда 18 тамыздан 12 қыркүйек аралығында өтетін турнирге қатысуға кандидаттар ретінде қарастырылатын болады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"