«Жігер» республикалық әскери-патриоттық лагері

Алматыда «Жігер» республикалық әскери-патриоттық лагері өз жұмысын бастады.  Патриоттық бағыттағы бұл шара үш күнге созылады. Осы уақыт аралағында ондағы жастар әскери өмірдің дәмін татып, елімізге танымал қоғам және мәдениет қайраткерлерімен кездеседі.

«Қоғам талабы – жастарды жан-жақты болуға баулу. Осы мақсатта жастарды тәрбиелейміз. Сонымен қатар мұнда әскери-спорттық ойындар өтеді. Жеңімпаздарына міндетті  түрде сыйлықтар табыстайтын боламыз. Автоматты шашып-жинау секілді эстафеталар да ұйымдастырылады. Қоғам және мәдениет қайраткерлері: Ардақ Назаров сынды, Мұхаметжан Тазабек, Нұржан Жалауқызы сынды тұлғалармен кездесу өткізіледі», – дейді «Алматы жастары альянсы» корпоративтік қорының атқарушы директоры Жасұлан ҚУАНДЫҚ.

Жалпы мұндай шара осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Лагерге келген 50-ден астам қатысушы - республиканың барлық өңірінен арнайы іріктеліп алынған әскери-патриоттық клуб пен ұйымдардың мүшелері.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"