Баспанамен қамтамасыз ету мәселелері

Нұр-Сұлтан қаласында қорғаныс ведомствосы басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Т.Мұхтаров әскери қызметтен запасқа босатылған адамдармен кездесті.

Кездесу барысында Қорғаныс министрінің орынбасары еңбек өтілі 10 жылдан асатын, бірақ 20 жылдан кем әскери қызметтен запасқа босатылған әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз ету шеңберінде қолданыстағы тұрғын үй заңнамасының негізгі ережелерін түсіндірді. Кездесу қорытындысы бойынша Министрдің орынбасары запасқа босатылған адамдардың ұсыныстарын тыңдап, олар тұрғын үй қарым-қатынасы мәселелері бойынша Заң жобасына әрі қарай енгізіле отырып, ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралатынын атап өтті. Өткен жылдан бастап баспанамен қамтамасыз етудің жаңа моделі енгізілгенін естеріңізге сала  кетейік. Оның аясында 37 мыңнан аса әскери қызметші жеке арнайы шоттар мен депозиттер ашты, 2 мыңнан аса отбасы еліміздің түкпір-түкпірінде жеке меншік баспанаға ие болды. Қарулы Күштердің тұрғын үй қорында тұратын 30-дан аса зейнеткер Нұр-Сұлтан, Ақтау, Ақтөбе, Аягөз, Арыс, Сарыөзек, Семей, Талдықорған, Өскемен, Шымкент қалаларында жекешелендіруге жататын баспаналарын ауыстырды. Әскери қызметшілер мен әскери зейнеткерлерді баспанамен қамтамасыз ету тәртібі туралы қосымша қажетті ақпарат Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz ресми ресурсының «Әлеуметтік қамтамасыз ету» бөлімінде орналастырылған. Қорғаныс ведомствосының сайтында көрсетілген «қауырт желінің» нөмірлеріне қоңырау шалып, онлайн консультация алуға болады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"