Айбынды елдің әскері асқақтай берсін!

Отан – рухы биік, асқақ ұғым. «Отанды сүю – міндетім, отанды қорғау –парызым» деп санайтын ел әскері – тыныштығымыздың кепілі.
Бүгінгі бес қаруы бүтін, заманауи техникалармен жарақталған қазақ әскерінің ауыз толтырып айтар жетістіктері көп. Сарбазы мен сардарының кәсіби біліктілігі де ешбір шет елдік әскерилерден кем түспейді.
Осы орайда аға буын өкілдерінің ел айбынын асырған Қазақстан армиясы жайында пікірлері мен мерекелік лебіздерін ұсынғанды жөн көрдік.

Халық қаһарманы, Армия генералы Мұхтар АЛТЫНБАЕВ:

 

– Қазіргі кезде Қазақстанның ұтқыр және кәсіби даярланған армиясы бар екенін мақтанышпен айтуға болады. Қарулы Күштердің жетістіктерін ең алдымен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыс­ты­рады. Ол – шындық. Өйткені Қа­рулы Күштерді қалыптастыру мен дамытудағы Елбасының рөлі шексіз. Сол жылдардағы оқиға­лар­дың тікелей қатысушысы және Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қол­басшысы ретінде әскери қауіпсіз­дікті қамтамасыз ету бойынша қабылдаған күрделі шешім­де­рінің куәсі  бола отырып, толық жа­уапкершілік сезімімен мен оны өз елінің ұлттық мүддесін бәрінен жоғары қоятын әлемдік деңгей­дегі дара тұлға деп айта аламын. Армияны құру басталғанда көп­теген проб­лемалар кездесті, бірақ біз өзіміздің толассыз жұмы­­сы­мызда Жоғарғы Бас Қолбасшы­ның қолдауын әрқашан сезіндік. Әскери ретінде мені, шетелдік әріп­тес­терімізді, ең алдымен оның стра­тегиялықтан тактикалық деңгейге дейінгі әскери мәселелерді терең және нақты білуі таңғалдырады.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары және бүгінгі күні қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі басымдық біздің саяси қызметімізге тиесілі екені сөзсіз. Бұл ретте Президент Қарулы Күштерді құру және жаңғырту, олардың кәсіби даярлығы мен жауынгерлік әзірлігі деңгейін арттыру, қазіргі заманғы қару-жарақ құралдарымен жарақтандыру, әскери қызметтің беделін арттыру үшін бірінші кезектегі маңызға ие әскери қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелеріне баса назар аударады.

Президент әскери қызмет­шілермен кездесулерде «берілген бағыттан ауытқымай, бес қаруың сай болсын» деген кеңес береді, яғни бұл Отанды қорғауға әрқашан дайын, жауынгерлік әзірлікте жә­не жауынгерлік қабілетті бол деген сөз.

 

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатыгенерал-лейтенант Абай ТАСБОЛАТОВ:

– Алғаш тәуелсіздік алған жылдары қандай едік, бүгін қандаймыз?! Қазақстанның Қарулы Күштері де елмен бірге дамып, елмен бірге заманауи талаптарға сай жетіле түсуде. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының Жарлығымен 1992 жылы құрылған Қарулы Күштер алғашқы бес жылда талай қиындықты бастан кешірді. Соның бәріне төзіп, шыдамдылық танытып, тығырықтан шығатын жол таба білдік. Сол алғашқы қалыптасу кезеңдер Қазақстанның әскери тарихында алтын әріптермен жазылып қалды.

Бүгінде Мемлекет тарапынан әскерилер үшін барлық жағдай жасалған. Қарулы Күштер бөлімдері үнемі түрлі деңгейде оқу-жат­тығулар өткізіп, әскери шеберлігін, кәсіби біліктілігін көтеріп отырады.

Біз Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымындамыз. Жыл сайын ұйымға мүше мемлекеттер әскерлерімен бірге әскери жаттығуларға қатысамыз. Жылдам әрі шалт қимылдайтын мобильді әскеріміздің бары сол жаттығуларда анық байқалады. Заманауи техника мен қару, білікті әскери мамандар кез келген жағдайда алға қойған мақсатына жете алады.                                      

Әскері қуатты ел ғана алаңсыз өмір сүреді. Бүгін Қазақстан Қарулы Күштері сол тұрғыда жан-жақты жетілдірілу үстінде. Сондықтан, еліміздің тыныштығы берік қолда деп толық сеніммен айтуға болады.

 

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш СҰЛТАНОВ:

– Елімізде әр уақытта тыныштық болса екен деген тілегім бар. Ешқашанда қарулы күшке жүгінетін жағдай болмаса, ел басына сондай күн тумаса екен. Алайда елдің қауіпсіздігі тұрғысында қашанда осы саланы игеруге, әскерімізді жаңартып, жарақтап тұруға тиіспіз. Ол үшін әскери білім мен оқу, жауынгерлік дағды бір сәт те тоқтамауы керек. Сол арқылы жастарға патриоттық тәрбие де болуы шарт. Сондай тәрбиені кеңінен өрістетіп отырған да ләзім.  Жалпы, Отан қорғау ұғымы әрбір азаматтың санасында болса екен. Өйткені, Қазақстан - өз Отанымыз, Қазақ даласы - өз жеріміз, Қазақ елі - өзіміздің туған халқымыз! Оның қорғанысы туралы терең ойлау әрбір қазақтың жадында мәңгі болуы шарт. Әр уақытта ел мәртебесі биік, ұжданы жоғары болсын!  

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Дулатбеков:

 

– Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр даланы ғана емес, ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Қазақстанның көшпенділері есте жоқ ескі замандар мен орта ғасырларда Еуропа мен Азияның көптеген мемлекеттерінің әскерлеріне күйрете соққы берді. Әрбір қазақ жауынгері бетпе-бет өз қарсыласына әскери таным-білім дәне ерік-жігер тұрғысынан ешқандай есесін жібермеді. Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі Орбұлақ шайқасындағы (1643 ж.) Жәңгір ханның, көшпелі елдің ат үстінде өткен әйелдерін – Тұмар, Гаухар, Бопай, одан бергі Әлия мен Мәншүкті, Хиуаздың өшпес ерліктері ұрпақ жадынан өшпеуі тиіс. Әйгілі Бауыржан Момышұлы Куба әскери құрамаларының құрметті тәлімгері болды, оның дәрістері Куба әскерилерінің міндетті оқу бағдарламасына енгізілді, ол бағдарлама Израиль, Никарагуа, АҚШ білім жүйелеріне аударылды.

 

   КСРО халық әртісі Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА:

 

«Патриот деген сөздің өзі отандас деген ұғымды білдіреді. Патриотизм – Отанға, ел мен жерге деген сүйіспеншілік. Талай нәубетті басынан кешірген қазақ халқы ұлттық тілін, ұлттық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, ұлттық рух пен намысын, тіпті ұлттық болмысын да сақтап қалды. Қазақ – өте қайсар, өткір, жауынгер, дана халық. Қазақстан жерінде сан алуан ұлттар мен ұлыстардың бірлігі жарасқан, бір-бірімен тату тұрады. Менің түсінігімше, өзін ұлт ретінде қадірлеп, ұлттық қасиеттерін қастерлей білген, ұлттық патриотизм идеясын жетілдірген, әрі жарқын болашақ үшін күресе білетін қазақ елі – нағыз патриоттылықтың үлгісі. Бүгінгі қазақ әскерінің патриоттық сезімі ерекше асқақ. Жоғары деңгейде өтетін жауынгерлік парадтарда қазақ әскерінің дамығанына қуанам, масаттанамын. Кеудемді қуаныш сезімі кернеп, мақтанып отырамын. Патриоттық сүйіспеншіліктері бұдан да арта берсін! Өз Отанын және халқын қорғауға әрдайым дайын жүрсін! Еліміздің тыныштығы мен береке-бірлігі, әрі қауіпсіздігі Отан қорғаушылардың қолында. Қазақстан әскері азаттықтың ақ таңын бейбітшілікпен арттыруға үлес қосып, туған елдің тыныштығын сақтап жүр. Барша халықты мемлекеттік мереке – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын. Мықты денсаулық, отбасыларына жақсылық тілеймін! Аспанымыз ашық, ел іргесі тыныш болсын! Егемен еліміз – Қазақстан көркейіп, жасай берсін!»

 

 

ҚР Қарулы Күштерінің ардагері, запастағы генерал-майор Александр МАРТЫНОВ:

Әскери қызметтегі 46 жылдың ішінде бірде-бір Жауынгерлік парадқа қатысып көрмеппін. Тәуелсіз Қазақстан әскерінің әлеуетін таныту мақсатындағы Жауынгерлік парад – сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде жүзеге асырылып жатқан үлкен шаруа. Менің ойымша, Қарулы Күштерімізді мына заманның талабына сай ұдайы жетілдіріп, оның жетістіктерін халыққа көрсетіп тұру – өте дұрыс шешім. Себебі, қазір әлем тыныш емес. Мемлекеттің қорғанысы – ең жоғарғы халықаралық стандарттарға сай қазіргі кәсіби армияны дамыту деген сөз. Яғни сенімді қорғаушы болмай, қоғам мен мемлекетті реформалаудағы міндеттерді орындау мүмкін емес. Ал жаттығу алаңында ұйымдастырылатын Жауынгерлік парад – сарбаз үшін үлкен мектеп болмақ. Еліміздің Президенті - ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н.Назарбаевтың салиқалы саясатын, мемлекеттің армияға деген дұрыс бағыт-бағдарын біздер – ардагерлер түгелдей қолдаймыз.

 

   Отставкадағы медицина қызметінің подполковнигі , «Қызыл Жұлдыз» иегері Марат ӘБІШЕВ:

 

– Мен 1971 жылдан бері түрлі көлемдегі, атап айтқанда бір рет Мәскеу, екі мәрте Минск қалаларындағы парадтарға қатыстым. Ауғанстан Демократиялық Республикасындағы әскери қимылдардың ортасында да болдым. Бірақ далалық жағдайдағы Жауынгерлік парад туралы бұрын-соңды естіп көрмеппін. Мұндай айтулы оқиғаға қатысу – әр солдаттың арманы әрине. Есте қаларлық шара барысында әскер деңгейінің өткені мен бүгініне, артықшылықтары мен кемшіліктеріне де баға беріледі. Жауынгерлік парадты халық үшін ұйымдастыру – әскеріміздің күшті екенін мәлімдеу деген сөз. Барлық қатысушыларға нағыз патриоттық рух және қазақ елінің қаһармандығын күллі әлемге танытуға лайықты Отан қорғаушы болуына тілектеспін.

 

                                                                                 Ой-пікірді жазып алған Алуа ИСКАКОВА, Рима ӘБЕУОВА


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"