Армияда жат ағымға жол жоқ

Қарулы Күштер қатарында қауіп тудыратын сарбаздар жоқ. Өйткені, қорғаныс саласында заң талаптары қатаң сақталады. Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовтың айтуынша, қазіргі уақытта Қарулы Күштеріміздің қатарында өзінің әскери борышын өтеп жатқан еліміздің азаматтары әскерге шақыртылған кезде бірінші кезекте психолог мамандардың алдынан өтеді. «Осы орайда, маман сұрақтары діни ұстанымға да байланысты. Әскер қатарына келгеннен кейін де әрбір құрамада психологтар жұмыс істейді. Екіншіден, идеологиялық бағытта жұмыс істейтін офицерлер қызмет етеді. Бұл тұрғыда психолог пен идеологиялық жұмыстардың офицері батальондағы сарбаздармен тығыз қарым-қатынаста болады», дейді генерал-полковник.
Расында, әрбір жауынгердің діни және басқа да көзқарастары бойынша дер шағында талдау жасалып, командирге баяндалады. Бұл тұрғыда командир тиісті шешім қабылдап, қажетті шараларды қолданады. Мұнымен қоса ведомство Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Ішкі істер министрлігімен, жергілікті әкімдіктермен және дін қызметкерлері, теологтармен бірлесе жұмыстар атқаруда.

Шығыс әскерилерін сақтандырды
Іргелі істердің бірі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 44736 әскери бөлімінің плацында ұйымдастырылды. Онда діни мәселелер жайында әскери қызметшілердің сауаттылығын арттыру және дәстүрлі емес діндердің ықпалына түсіп қалмаудың қаупін азайту мақсатында сабақ өтті. Подполковник Сәбит Үркінбаев басшылық ететін бөлімнің әскери қызметшілері алдында Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің діни бірлестіктермен өзара әрекет жөніндегі сектордың бас маманы Арман Рымқанов пен Семей қаласы әкімдігі жанындағы дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Нәзгүл Ғазизова сөз сөйледі. Олар еліміздегі діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға тоқталды. Халықтың діни сауатсыздығы, дәстүрлі құндылықтарды бағалаудың құлдырауы, діни экстремизмнің қауіптілігін бұқаралық сананың әлі де толық түсінбеуі, деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитеттің қалыптаспауы, мемлекетіміздің этносаралық және конфессияаралық татулық пен тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырған діни экстремистік көзқарас пен мақсатқа негізделген радикалдық идеологияларды ұстанатын бірлестіктердің пайда болуы, дәстүрлі емес діни радикалдық ұйымдардың қоғам ішінде діни төзімсіздік, қорқыныш пен үрейді күшейткені туралы да айтты. Әскери қызметшілерге өзге дінді уағыздаушылардан аулақ болуды, оларға түрлі діни көзқарасты дәлелдеуден қашуды, діни бағыттағы парақшалар мен журналдарды алудан бас тартуды ескертті. Өмірдегі арман мен мақсатты, жетістік пен тыныштықты дәстүрлі емес бағыттағы діни ұйымдардан іздеу – үлкен қателік, орны толмас өкініш екенін де жан-жақты түсіндірді.
Курсанттар да ой түйді
Жуырда идеологиялық жұмыстарды және арнайы насихаттауды ұйымдастыру жоспарына сәйкес радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының 1 курс курсанттарымен Алматы қалалық діни істер жөніндегі басқармасының сараптау және зерделеу орталығының бас  маманы А.Кумашев және Алматы қалалық М.Әуезов ауданы бойынша діни істер жөніндегі басқармасының сараптау ақпаратының аға маманы Қ.Мәлікпен кездесу өтті. Әңгіме барысында әскери ортада құрылымды бұзатын діни ұйымдардың және түбегейлі діни ағымдардың идеологиясына қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы біраз әңгіме айтылды.
Ақтөбе, Алматы қалаларында болған экстремистік оқиғалар кезіндегі іс-қимылдар, оның мақсаты және тағы басқа көптеген сұрақтар бойынша курсанттарға дәрістемелер айтылып, ой түйінделді. Мамандардың экстремизм мен терроризмнің идеяларын шынайы деструктивті ниеттерін, дәстүрлі емес және тыйым салынған діндердің мәні мен әскери қоғамға әлеуметтік қаупін түсіндіру мақсатында өткізілген кездесу курсанттарға әжептеуір ой салғандай болды. Тәрбие және идеологиялық жұмыстар басқармасы тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің аға офицері капитан Е.Мұстафаев жас курсанттар болашақ офицерлердің діни білімін жоғарылатудағы, сонымен қатар экстремистік, террористік діни ұйымдардың әрекетін түсіндіруге және алдын алуға бағытталған көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып жатқанын мәлімдеді.
ҰҚК жұмыстары үзілмейді
Экстремизмнің пайда болу себебі әр қоғамда әр түрлі болды және сол қоғамдағы объективтік және субъективтік жағдайға байланысты. Әйтсе де, оның пайда болуы мен таралуының базистік жағдайы бар. Сараптама жасай келе, бұл құбылыстың негізінде адамдардың табиғи мүдделерінің қақтығыстары экономикалық, әлеуметтік, конфессиялық қарама-қайшылықтарда жатқанын көруге болады.
Әрине, армияда діни экстремизмге жол жоқ. Және бөлімдерде жеке құрамның діни білімін жоғарылатуға, сонымен қатар экстремисттік және террористік діни ұйымдардың әрекетін түсіндіруге бағытталған алдын алу іс-шаралары молынан қамтылған. Мәселен, 63310 әскери бөлімінде әлемдегі және ел ішіндегі ағымдар туралы қажетті ақпарат берілді. Олардың осы діндерге деген көзқарастарын қалыптастыру бағытында бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктері сараланды.
Жеке құрамның өзіндік жолынан адаспас үшін, уақытылы «Жат діни ағымдардың басты идеологиясы», «Экстремисттік, радикалды діни ағымдардың көздегені не?», «Уахабизм радикалды діни бағытының негізгі ерекшеліктері» тақырыптарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскерге қарсы  барлау басқармасының өкілдерімен ақпараттандыру сағаттары ұйымдастырылды. Діни экстремизм әлемді улап жатқан кезде, әр мұсылман адамның адаспай, өз жолын табуы – бір ғанибет. Экстремизм мен терроризмнің идеяларын, шынайы деструктивті ниеттерін, дәстүрлі емес және тыйым салынған діндердің мәні мен әскери қоғамға әлеуметтік қаупін түсіндіру мақсатында дінтанушы мамандармен ай сайынғы дәрістер жүргізіледі.  
Айта кететін жайт, барлық санаттағы офицерлер мен жеке құрамға діни экстремизм идеяларын алдын алу жұмыстарын арнайы насихат жүргізуге анықтамалық материалдар таратылып, жеке құрамға діни экстремизмнің әскери ортада қабылданбайтынын және нейтралды екенін ашып көрсететін құжатты фильмдер көрсетіліп жатады. Негізі, осындай ақпараттандыру жұмыстары өз нәтижесін көрсетіп жатады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"