Тазарту жұмыстарына тартылды

ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің әскери қызметші саперлары жарылмаған оқ-дәрілерден полигондарды тазартуға кірісті.

Бұл жұмыстарға 500-ге жуық әскери қызметші, өтімділігі жоғары 40-тан аса бірлік техника тартылды. Құрлық әскерлерінің әскери қызметші саперларына 400 га аудан, оның шамамен 20 пайызын таулар алып отырған 30-дан аса полигонды тзаратуды жүргізуге тура келеді. Полигондардың жаппай жоспарлы тазартылуы жылына екі рет өткізіледі. Негізгі міндет жеке құраммен оқу сабақтарын өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жарылмаған снарядтар мен оқ-дәрілерді (қопару тәсілімен) жоюға негізделген.
Әскери қызметші саперлар арнайы жеке қорғаныс құралдары, броньды кеудешелер, сапердің арнайы қорғаныс костюмдерімен қамтамасыз етілген. 0,6 метр дейінгі тереңдікте қауіпті жарылғыш заттарды анықтау бойынша мина іздегіштерді іздестіру және барлаудың жаңа құралдарымен жабдықталған «ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері инженерлік-саперлік бөлімшелерінің әскери қызметшілері – бейбіт уақытта өздерінің өміріне қауіп төндіре отырып, қауіпті жарылғыш заттарды залалсыздандыру бойынша жауынгерлік тапсырмаларды орындайтындардың бірі болып табылады. Оқу полигондарының тазартылуы аяқталысымен Құрлық әскерлерінің Арнайы әскерлер бастығының төрағалық етуімен комиссия тиісті қорытынды шығарады. Одан басқа, анағұрлым ерекшеленген бөлімшелер мен әскери қызметшілер ҚР ҚК ҚӘ бас қолбасшысының бұйрығымен көтермеленетін болады», - деп ҚР ҚК ҚӘ инженерлік әскерлер бастығы полковник Нұрлан Шаймахов атап өтті.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"