Қырғызстаннан жүлдемен оралды

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 44736 әскери бөлімінің байланыс взводы командирі лейтенант Дархан Кесикбаев пен мина атқыш взводы командирі лейтенант Ақылбек Сәбитов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ынтымақтас армияларының биыл Қырғызстанда өткен екінші әскери-спорттық ойындарында жеке біріншілікте үшінші орынды жеңіп алды.

Байланыс взводы командирі Лейтенант Дархан Кесикбаев «Командирлік старт» сайысында турникке 38 мәрте тартылып, екінші орынды иеленді. Макаров пистолетінен атудан жауынгерлік әзірлігін көрсетіп, үш шақырымды 10 минут 50 секундта жүгіріп өтті. Ол – әскери көпсайыстан, қысқы офицерлік үшсайыстан, полиатлоннан, офицерлік жазғы үшсайыстан спорт шебері. Кедергілерден өту арқылы әскерилендірілген кросстан спорт шеберлігіне үміткер, әрі әскери-қолданбалы спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының көп дүркін чемпионы. Лейтенант Ақылбек Сәбитов те осал емес. Мина атқыш взводы командирі 100 метрді 11,6 секундта жүгіріп, екінші орынды алды. Макаров пистолетінен атудан 274 ұпай жинақтап, үш шақырымдық сайыста үшінші келді. Офицерлік үшсайыстан Қырғыз Республикасының спорт шеберлігі нормативін орындады. Ақылбек Сәбитов – спорттың қысқы ойын түрлерінен, жазғы көпсайыстан, полиатлоннан спорт шеберлігіне үміткер, әскери-қолданбалы спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының көп дүркін чемпионы. 2014 жылы әскери спорттың халықаралық кеңесінің қамқорлығымен Эквадорда өткен екінші бүкіләлемдік кадет ойындарына қатысушы. Лейтенанттың екеуі де Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ынтымақтас армияларының 2015 жылы Ресей Федерациясында өткен бірінші әскери-спорттық ойындарының жүлдегері.  

   Айта кетейік, Қырғыз Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының «Эдельвейс» оқу орталығының базасында ұйымдастырылған ТМД қатысушы-мемлекеттердің ынтымақтас армияларының екінші әскери-спорттық ойындары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы ынтымақтас армиялардың Қорғаныс Министрлер Кеңесінің 25 жылдығына және Қырғыз Республикасының тәуелсіздік күніне арналды. Оған Армения, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мемлекетінің әскери қызметшілері қатысып, спорттың әскери-қолданбалы алты түрінен жарысқа түсті. Қазақстандық әскерилер армиялық қоян-қолтық ұрыста сөзсіз жеңіске жетіп, төрт алтын және екі қола медаль алды. Командирлік стартта да чемпион атанып, екі алтын, бір күміс және бір қола медальді еншіледі. Гір спортынан еліміз құрамасы жалпыкомандалық екінші орынды, әскери-спорттық кешеннің көпсайысында үшінші орынды ұтып алды. Жалпы алғанда, спорттың әскери-қолданбалы алты түрінен төртеуінің кубогын иеленіп қайтты. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"