Мемлекет басшысының өкімімен генерал-майор Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы болып, генерал-майор Бақыт Жанұзақұлы Құрманбаев ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары етіп тағайындалды.
Одан басқа, Мемлекет басшысының өкімімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты генерал-лейтенант Мұрат Жәлелұлы Майкеев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды, генерал-лейтенант Талғат Жеңісұлы Жанжүменов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.