Қорғаныс министрлігінің ғимараты үстінде ұшқышсыз ұшу аппаратының рұқсатсыз ұшуына тоқтау салынды

Соңғы уақытта ҚР Қорғаныс министрлігінің нысандары үстінде ҰҰА-ның ұшуы жағдайлары жиілеп кетті. Бұл әрекеттер уақтылы анықталып, оларға тоқтау салынады.

Ағымдағы жылғы 31 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында Әскери полиция жасағының әскери қызметшілері ҚР Қорғаныс министрлігінің ғимараты үстінде ҰҰА-ның (кавдрокоптер)  рұқсатсыз ұшу дәйегіне жол берген жоқ. Әскери полиция жасағының жылдам ден қою тобы екі азаматтық тұлғаны ұстап алды және әрі қарай тексеру үшін елорданың ІІД қызметкерлеріне берді. Осыған орай, Қорғаныс министрлігі әскреи нысандардың үстінде ұшу үшін ҰҰА пайдалану «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиацияның қызметі туралы» ҚР Заңының 31 және 33-баптарының бұзу болып саналатынын еске салады. ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 563-бабына сәйкес Заңның көрсетілген нормаларын бұзғаны үшін «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзу» жеке тұлғаларға 10 АЕК көлемінде, лауазымды тұлғаларға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады.  Елді мекендерде ҰҰА (квадрокоптерді) пайдалану тәртібі  ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми сайтында жарияланған.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"