Қорғаныс министрі Ақмола гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерін тексерді

ҚР Қорғаныс министрі  Нұрлан Ермекбаев Ақмола облысында орналасқан әскери бөлімдер мен мекемелерді тексеріп, оларды әрі қарай дамыту жөніндегі негізгі басымдықтарды белгіледі.

Жұмыс сапары барысында қорғаныс ведомствосының басшысы Астанада шоғырланған әскери бөлімдер мен мекемелерді, әскери техниканың сақталу тәртібі мен жағдайларын тексерді, жауынгерлік машиналар паркін тексеріп, әскери бөлім командирлерінің баяндамаларын тыңдады. Әскери полиция жасағын тексеру кезінде оқу-материалдық базаның жай-күйі туралы баяндалды. Министр әскери полиция мамандарын дайындау жөніндегі оқу процесінің сапалы ұйымдастырылуына назар аударды. Одан басқа, Әскери полициясы бас басқармасына бару кезінде полиграфологиялық зерттеу кабинеті, әскери лектерге ілесіп жүру жүйесінің тәртібі мен гауптвахта көрсетілді. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша әскери бөлімдердің қолбасшылығы мен әскери полиция бастығына қызметтік жұмысты одан әрі жетілдіру және оңтайландыру, лауазымды адамдардың құқық тәртібін, әскери тәртіпті қамтамасыз ету, қарауылдық-гарнизондық қызметті атқару мен ұйымдастыру, диверсияға қарсы қауіпсіздік, сондай-ақ материалдық-техникалық қамтамасыз ету және әскери техниканың сақталу жағдайы мәселелеріне назар аударуларын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"