Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде

Ұлт болғаннан кейін барлық халықтың өздерінің ана тілі болатыны хақ. Әркім өзінің ана тілін қалай қадір тұтып, аяққа баспай, ұмытпаулары керек болса, Қазақстан Республикасында тұратын ұлт өкілдерінің барлығы мемлекеттік тілі – қазақ тілі екенін жадында сақтап, қолдануы қажет. Қазақ бауырымыз қазақ тілінде сөйлеп өзгені де сөйлетсе, нұр үстіне нұр болады. Әр қазақтың өзінің әсерлі де, нәрлі тілінде әдемі маржан сөздерді теріп сөйлей білулері де абзал.

Әлемде қанша тіл бар? Бұған әлі нақты жауап жоқ. Есепке алынбаған және өлгелі жатқан тілдерді есептегенде француз ғалымдары 1400-ден астам деп есептеген.

170 индейцтердің тілінде аз ғана адам сөйлейді. 4200 есептелген тілдердің ішінде тек 500 ғана жақсы зерделенген.

Ал Австрия абориген тайпаларының әрбіреуінің ішінде өздерінің тілдері бар, диери тайпаларында тіпті екі тіл. Оның бірі кәдімгі, ал екіншісі күйеу бала мен ене арасындағы тіл.

Әлемдегі ең жайылған тілдерге қытай, ағылшын, жапон, неміс, араб тілдері жатады. Бұл тілдер халықтар мен мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас тілдері болып табылады.

Тіл – халықтын жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Міне сол ұлттар өздерінің салт-дәстүрлерін сақтап қалуға тырысады. Ал оған көп ұлтты қазақстан мемлекеті кедергі келтірмейді.

Қыркүйек айында Қазақстан халқының тілдері күні мерекеленеді. Осы мерекеге байланысты Қарулы Күштерде 22 тамыздан 22 қыркүйек аралығында «Тіл – татулық тірегі» тақырыбында айлық жоспарланды. Айлық өткізу барысында көпұлтты елде тұратын ұлттардың мызғымас достығы мен бірлігін настхаттаушы түрлі концерттік іс-шаралар, конкурстар, мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін атақты отбасыларын тартумен кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізу жоспарланды.

Осындай мақсатпен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
Әуе қорғанысы күштерінде ірі көлемдегі іс-шара жұрт алдына паш етілді.

Қатысушылар 3 кезең бойынша сынға түсті. Конкурс шарты бойынша әр команданың өзін таныстыруы, әр команда 5 адамнан тұрды, оның үшеуі өзге ұлт өкілі болды. 2-кезеңде театрландырылған көрініс, берілген халықтың салт-дәстүрімен, мәдениеті және өнерімен таныстыру қажет болса, соңғысы әр командаға ұлттардың тағамдарымен таныстырып өту тапсырмалары берілді.

Өздерінің командаларын ұсынған Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштеріне бағынысты 19132 әскери бөлімінен шыққан «Бауырластар» командасы, 21140-К  әскери бөлімін таныстырушы «Жұлдыз» командасы 25745 әскери бөлімінен құрылған «Ынтымақ» командасы, 47762 әскери бөлімінен жинақталған «Айбын» командасы және 21140-Б әскери бөлімінен іріктелген «Жұлдызды байланысшылар» командасы.

Оларды әділ бағалау мәселесін ұйымдастырған әділқазылар алқасының төрағасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс комитетінің «Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» баспа бөлімінің бас редакторы Қонысбай Іскендұрұлы Әбіл командалардың дайындығын ерекшелеп атап өтті.

Аталған конкурста қатысушы командалар өздерін шебер таныстырды әсіресе, 47762 әскери бөлімінің «Айбын» командасы, 19132 әскери бөлімінің  «Бауырластар» командасы, 21140-Б әскери бөлімінің «Жұлдызды байланысшылар» командасы әр қатысушыны ерекшелеп таныстыра алды.

Екінші турда «Жұлдыз» командасы – өзбек ұлтының, «Бауырластар» командасы – грузин ұлтының, «Ынтымақ» командасы – кәріс ұлтының, «Айбын» командасы – неміс халқының, «Жұлдызды байланысшылар» командасы – шешен ұлтының салт-дәстүрі, мәдениеті, өнерімен таныстырып өтті.

Әр ұлттың тек тілінде ғана емес, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарында да ерекшеліктер бар, тіпті кейбірінде ұқсастықтар да бар. Былтырғы жылы Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшылығында Ақмола гарнизонындағы әскери бөлімдерді қатыстыра отыра ұйымдастырылып өткізілген дәл осындай іс-шарада орыс, украин, ұйғыр, әзірбайжан, татар халықтарының салт-дәстүрлері, мәдениеті көрсетілген болатын. Осы өткен іс-шарада басқа ұлттармен таныстыру мәселесі қолға алынды.

Әр ұлттың көрсетілген салт-дәстүрлері, өнері мен мәдениеті сол халыққа тән ерекшелікпен ұсынылды. Барлық тапсырмалар тек мемлекеттік тілде, халықтың сол тілде амандасу салтын көрсету арқылы жасалды. Бұл кезеңде кәріс халқының баланың 1 жасқа толуы кезіндегі салт-жоралары көрсетілді, грузин халқының тойы, келін түсіру салты, неміс ұлтына тән «Октоберфест» фестивалінің өткізілуі ұсынылды, шешендердің келін түсіру мен өзбек халқының құда түсу салт-жоралары сол халықтардың ұлттық ерекешеліктерін, ұлттық костюмдері мен музыкалық аспаптарын, ұлттық биін көрсете отыра атқарылды. Бұл кезеңде үздік дайындықтарымен көзге түскен 19132, 21140-Б, 21140-К, 47762 әскери бөлімдері.

Үшінші тапсырма ұлттардың дастарханын, яғни ұлттық тағамын көрсету, таныстыру. Дастарханды таныстыру кезінде 19132 әскери бөлімінің командасы шығармашылық танытып, қазылар алқасы мен көрермендерді бір серпілтіп алды.

Іс-шара барысында 47762 әскери бөлімінің әскери қызметшісі сержант Асылбек Садықбеков «Отан» әнімен,  21140-К әскери бөлімінен ән шырқаған  Жұлдыз Мусабекова тамаша өнерлерін көрсете, көрермендерді еліктіре алды.

Іс-шара қорытындысы бойынша үздіктер жеңімпаз атанды, бас жүлдеге ие болған 21140-Б әскери бөлімінің командасы, бірінші орынды иелеген 47762 әскери бөлімі болса, 21140-К әскери бөлімі екінші орынға келіп тоқтаса, үшінші орын 19132 әскери бөлімінің үлесіне тиді. Айта кететіні грузин халқының салт-дәстүрін көрсеткен команда өте тамаша өнер көрсетіп, басқа командалармен салыстыру барысында үздік болды. Алайда, басқа командалармен салыстырғанда белгіленген 5 минут уақыттың орнына
9 минутты пайдаланған бұл команданың уақытты шектемеуін ескерген қазылар алқасы ұпайды шегеруді жөн көрді.  Солай, әділқазылар алқасының бағалауы әділ шешімін таба алды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс комитеті лингвистикалық жұмыстар басқармасының басшысы Гүлмира Мұғалқызы Құбашева бүгінде мемлекеттік негізгі саясаттарының біріне айналып отырған әскер саласында, оның ішінде Әуе қорғанысы күштерінде тіл мәселесіне оң көзқарастың қалыптасуы – олар үшін, еліміз үшін қуантарлық жағдай екенін тілге тиек ете отырып, Мемлекеттік ұлт саясатының басым бағыттарының бірі – ол мемлекеттік тілді өркендетуде Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасының қосқан үлесінің аз емес екенін айтып Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Секенұлы Орманбетовке Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының атынан алғыс хатты ұсынды.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы қазтест жүйесін дамыту жөніндегі басқарма басшысы Мәншүк Мұқаметқалиқызы Мұқаметқали осындай іс-шаралардың жиірек өткізіліп отыруын, сонымен қатар іс қағаздар мәселесін де көтеріп осы сарында іс-шаралардың өткізілуін айта кетті.

Ал, ҚР Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасы мемлекеттік тілді дамыту қызметінің бастығы полковник Манарбек Көрпетайұлы Ибраһим әскер саласында мемлекеттік тілдің деңгейі бұрынғымен салыстырғанда біршама көтерілгенін айта кетіп, барлық әскер түрлері арасында өткізілген іс-шараларды тамашалап көріп, осылай бір-бірімізді шақырып, бірігіп жұмыс істеп атсалысатын болсақ, тіліміздің дәрежесін бұдан да жоғары белеске көтеруде тың пікірлер мен ойдың қалыптасатынын айта кетті.

«Тіл – ізгілік мұрат, ұрпаққа қалдыратын», – деп ойды түйіндей келе тілімізді биікте ұстап, дамытып, өрбіте білейік. Таусылмайтын өнерді көрсетіп сергітіп, жоғары дәрежеде ұйымдастырылған іс-шараны аяқтаған  Әуе қорғанысы күштерінің жеке құрамы – алдағы уақытта да мемлекеттік тілдің мерейін өсіруге, тың ойлардан құралған байыпты бастамалардың ұйытқысы болуға тырысамыз деген оймен тарқасты.

Майор Ақбота Қапсаттарова

суретті түсірген майор Серік Апешев


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"