Қауіпті жарылғыш заттардан жерді тазарту жөніндегі жоба

Полигондардың аумағында металл сынығының жиналуын, бөгде адамдардың енуін болдырмау мақсатында ҚР Қорғаныс министрлігі «Әскери үлгідегі қауіпті жарылғыш заттардан жерді (объектілерді) тазарту жөніндегі нұсқаулық» жобасын әзірлеуде.

Аталмыш нұсқаулық полигондарда, ату орындарында қауіпті жарылғыш заттарды жою, арсеналдарда, базалар мен қоймаларда жарылыс салдарларын жою, сондай-ақ полигондардың аумағында металл сынықтарын жинау кезінде қауіпті жарылғыш заттардан (қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды қоса есептегенде) жерді (объектілерді) тазарту кезінде міндеттерді ұйымдастыру мен орындаудың жүйелі тәртібін анықтайды.  

Одан басқа, жаңа редакцияда қосымша тартылатын жеке құрамның, полигондарды сапалы тазарту үшін жеткілікті аудан бірлігіне қару-жарақ пен әскери техниканың саны, жауапты лауазымды адамдардың өкілеттіліктері мен қауіпті жарылғыш және қауіпсіз жарылғыш заттардан полигондарды (оқу-жаттығу орталықтарын) тазартуға жауапкершілік қарастырылған, полигондардың аумағында металл сынықтарын жинау тәртібі, сондай-ақ қолдан жасалған жарылғыш құрылғылармен (ҚЖҚ) минасыздандыру топтарының жұмысы айқындалған, бұдан бұрын әскери үлгідегі қауіпті жарылғыш заттармен ғана жұмыс жасауға рұқсат етілген болатын.  

Жыл сайын Қазақстанның Қарулы Күштерінде жаңа оқу кезеңіне дайындық іс-шаралары аясында жарылмаған оқ-дәрілерден полигондарды жоспарлы тазарту жүргізіледі. Оның негізгі міндеті жеке құраммен оқу сабақтарын өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жару тәсілімен жарылмаған оқ-дәрілерді жою болып табылады. Қорғаныс министрлігі бұдан бұрын Ішкі істер министрлігі ұсынған металл тапсыруды лицензиялау, қабылдауға болмайтын қандай да бір металл бұйымдарын қабылдауға, әсіресе, олар тікелей коммуналдық қызметтер үшін дайындалса шектеулер қою мәселесі жөніндегі бастамаға қолдау білдіретінін айта кету қажет. 



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"