Италия әскерилері оқу-жаттығу орталығына барды

Алматыда екіжақты әскери ынтымақтастық шеңберінде Италия Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің жанжалдан кейінгі операцияларды зерделеу бойынша орталықтың мобильді-жаттықтыру тобы «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» оқу-жаттығу орталығында болды.

Өкілдер «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» оқу-жаттығу орталығына барған кезде Қазақстан қатысатын орталықтық қызмет пен бітімгершілік операциялар туралы брифннг өткізілді.  Өз кезегінде итальяндық нұсқаушылар бітімгершілік контингентті дайындау кезінде жіті назарды қажет ететін аспектілер бойынша сабақтар өткізді. 2018 жылы ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері үшін 2019 жылы «Ливандағы БҰҰ-ның уақытша күштері» (ЛБҰҰУК) миссиясындағы штабтық офицерлердің екі лауазымын бөлу жөнінде Италия Бас штабының оң шешімі қабылданғанын естеріңізге сала кетейік. Итальяндық контингент атыстық тоқталыуын бақылап, билікті жүзеге асыру бойынша Үкімет пен Ливанның Қарулы Күштеріне көмек көрсетіп жатқанын, ЛБҰҰУК-тың батыс секторында бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етіп, жергілікті халыққа қажетті жәрдем көрсетіп жатқанын айта кету қажет. 



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"