Жолдағы тәртіпке арналды

   «Жол-көлік оқиғаларының және қауіпсіздік шараларының алдын алу» айлығы аясында Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының әскери қызметшілері өздеріне бекітілген әскери бөлімдер мен мекемелерде бірлескен жұмыс жүргізуді одан әрі жалғастыруда.

   Әскери бөлімдер мен мекемелердің жеке құрамына жол-көлік оқиғаларының шығу себептері, жолдағы құқықбұзушылықтар мен оқыс оқиғалар жиі болатын жыл мезгілі, тәулік уақыты, негізгі мән-жәйі жайында статистикалық мәліметтер жеткізілді. Көлік жүргізушінің жылдамдықты арттыруы, мас күйінде көлік жүргізуі, ауа-райының қолайсыздығы, көлік иесінің жеке жауапсыздығы, жолда жүру ережесін сақтамауы, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетуі, қауіпсіздік белдігін тақпауы, көліктің техникалық талаптарға сай болмауы салдарынан болған жол-көлік оқиғалары туралы да бейнероликтер көрсетілді. Жеке автокөлік иелеріне Қазақстан Республикасы жол қозғалысының ережелері, оқиға болған кезде көрсетілетін алғашқы көмек тәртібі түсіндірілді. Тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік жөнінде мол ақпарат берілді. Қауіпсіздік шараларын сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын-алу өзекті мәселе екені жан-жақты баян етілді.

 

Алуа ИСКАКОВА

Суретті түсірген автор

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"