2017 жылғы 19 қыркүйекте сағат 14.30 шамасында 44736 әскери бөлімінің механик-жүргізушісі жауынгерлік даярлық сабақтарынан келе жатқан уақытта жол көлік оқиғасы салдарынан қаза болды.
Жол көлік апатының себептері анықталуда, тексеру жұмыстарын жүргізу үшін комиссия тағайындалды. ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы және Қарулы Күштердің барлық жеке құрамы қаза болған сарбаздың отбасына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.