Жас патриоттар өздерін әскери істе байқап көруде

Еліміздің барлық өңірлерінде жалпы білім беру мекемелерінің бітіруші сыныптарының оқушылары арасында «Сардар» республикалық кешенді олимпиадаға қатысу үшін кандидаттардың іріктеу кезеңі өткізілуде.

Олимпиаданың басты мақсаты өз Отанына жаны ашитын талантты әрі дарынды балаларды, патриоттарды анықтау болып табылады.«Сардар» олимпиадасы еліміздің әскери және азаматтық оқу орындары түлектерінің зияткерлік қабілеттерін дамытуға, әскери қызмет пен әскери қызметшінің кәсібінің беделін арттыруға ықпал етеді. Сонымен бірге, бұл балалардың Қазақстанның әскери жоғары оқу орындарына оқуға түсуге әзірліктерін тексеру, анағұрлым дайындалған кандидаттарды анықтау.  Іріктеу шаралары барысында оқушылар теориялық бөлімде физика, математика, мемлекеттік және орыс тілдері және алғашқы әскери дайындықтан тестілер тапсырады. Практикалық бөлімде саптық даярлық, АК-74 автоматын жинап-шашу, белтемірге тартылу бойынша нормативтерді орындайды, сондай-ақ 3000 м кросс, 100 м жүгіруді тапсырады.  Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша барлық пәндер бойынша жоғары дайындық деңгейін көрсететін кандидаттар ағымдағы жылғы сәуірдің 17-і мен 19-ы аралығында елордадағы «Жас ұлан» республикалық әскери мектебінің базасында өтетін «Сардар» республикалық олимпиадасына қатысады.  



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"