Бокстан әлем чемпионаты

ширек және жартылай финалға кімдер өтті?

Рима БІЛӘЛҚЫЗЫ
«САРБАЗ»

Қазір Екатеринбургте ерлер арасында бокстан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жексенбі күні аяқталатын бұл додада Қазақстан құрамасы барынша бақ сынасуда. Былғары қолғап шеберлерінің қайсысының бағы шапты? Қайсысының бабы келіспеді? Соны сөз етелік...
Алғашқы қарсыластар
Чемпионатқа Ресей жері 95 елден 488 спортшыны құшақ жая қарсы алды. Жиырмасыншы әлем біріншілігінің салтанатты ашылуы 8-ші қыркүйек күні өтті. Дәл сол күні жеребе тарту рәсімі болып, кім-кіммен жұдырықтасатыны анықталды. Біздің Қазақстан құрамасы жеребе бойынша жарыс жолын екі күннен кейін бастады. 10-шы қыркүйек күні 81 келідегі Бекзат Нұрдәулетовтің қарсыласы оңтүстік кореялық Хонг Инги болды. Ал Армия орталық спорт клубының спортшылары Сәкен Бибосыновтың (52 келіде)  Моңғолия елінен Харху Энхимандах, 57 келідегі Қайрат Ералиевтің Шарафа Раман (Германия)/ Йоэль Сегундо Финоль Ривас (Венесуэла) жұбының жеңімпазы қарсыластары болды. Өзгелерінікін де айта кетейік. Шаршы алаңға 63 келіде Закир Сафиуллин  Бахтияр (Әзербайжан) Газибековпен, 69 келіде Абылайхан Жүсіпов  Вуттичай Масук (Тайланд)/ Долголевец (Беларусь) Евгений жұбының жеңімпазымен, 75 келіде Тұрсынбай Құлахмет  Милос (Чехия) Бартл/Михаил (Израиль) Остроумов жұбының жеңімпазымен, 81 келіде Бекзат Нұрдәулетов Хонг (Оңтүстік Корея) Ингимен, 91 келіде Василий Левит Сандагсурен (Моңғолия) Ергембаяр/Дэвид Мишалек (Словакия) жұбының жеңімпазымен, +91 келідегі Қамшыбек Қоңқабаев Гадфа Дрисси (Испания)/Белберов Петар Руменов (Болгария) жұбының жеңімпазымен шығатын болды.
Бекзат сәтті бастады
Сөйтіп Қазақстан құрамасының ойынын 81 келідегі Бекзат Нұрдәулетов бастап берді. 10-шы қыркүйек күні ол оңтүс¬тік¬¬¬кореялық Инжи Хонмен қо묬ғап түйістірді. Сауатты жұдырықтаса жүріп, қарсыласын үшінші раундта нокдаунға жіберді. Есеңгіреп қалған Инжи жарыс жолын жалғастырғанмен, басымдылық Бекзатта болды. Төрешілер шешімімен келесі айналымға өткен қазақ спортшысы ве¬несуэлалық Налек Кор¬баймен кездесті. Екінші айналымда  да жақсы қырынан өзін танытты. 5:0 есебімен қарсыласын ұтқан ол кейін бразилиялық Кено Мачадомен жұдырықтасты. Онда да намысты қолдан бермеді. Мұнан кейін Бекзаттың қарсыласы түркиялық Байрам Малкан болды. Түрікке тегеурін бермей, тамаша соққы соққан Бекзат жартылай финалға жолдама алды. Не дегенмен де Нұрдәулетов беріспей келеді. 21 жастағы боксшының бағыты осылай болса жеңіс тұғырынан көріп қалуымыз мүмкін.  
Сәкен де қалыспады
Жастың бірі 52 келі салмақта Сәкен Би¬бо¬сынов¬. Бағана тілге тиек етіп кеткеніміздей, чемпионатқа қатысып жатқан әскери спортшының бірі. Оның алғашқы қарсыласы монғо¬лиялық Хару Энхмандах болды. Төрешілер шешімімен бірінші ойында отандасымыз 3:2 есебімен жеңіске жетті. Қыркүйектің 17-сі күні Сәкен колумбиялық Юберхен Мартинес Риваспен жұдырықтасты. Онда да ол 5:0 есебімен 1/8 финалда 2016 жылғы Олимпиаданың күміс және 2017 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері колумбиялық Юберхен Мартинестен айласын асырды. Міне, сөйтіп бокстан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды.
Қайрат әлі қайратты
2017 жылы әлем чемпионы атанған, Рио Олимпидасында Мұхаммед Әлидің тактикасын қолданып көзге түскен Қайрат Ералиев те ерледі. Оның бастапқы қарсыласы венесуэлалық Йоэль Ривас болды. Әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуінде-ақ ол Венесуэланың өкілін тізе бүктірді. Есеп 3:2. Қарсылас жас болғанмена біздің боксшының қайраттылығына төзбеді. Одан кейін 17-ші қыркүйекте  1/8 финалдық сатысында таиландтық Чатчай Бутдимен қолғап түйістірді. Жеңіс тағы бізге бұйырды. Тайландтық боксшы да оңай қарсылас емес еді. Ол 2015 жылы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанса, 2015 жылы Азия чемпионы атағына қол жеткізді.
Қайратқа артылар сенім ерекше. Өйткені ол Гамбургте өткен әлем чемпио-на¬тында алтыннан алқа таққан. Әлем Қайратқа көз тігіп отыр. Көп¬шілік көкейінде атағын қорғап қала ма деген сұрақ бар. Бірақ ол кез келген тұста қай¬рат көрсете алатын дәлелдеп келеді.
Бір сүйіндіріп, бір күйіндірді
Иә, бокстан Қазақстан құрамасы алғашқы жекпе-жектерін сәтті бастады. 63 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Зәкір Сафиуллин әзірбайжандық Бақтияр Ғазибаевты жеңді.
«Турнирдің алғашқы кездесуі қашанда қиын. Бұл қарсыласпен бұрын-соңды кездеспегем. Бұл мен үшін жаңа салмақ. Мен 60 келіден ауыстым. Ал ол 64-те өнер көрсеткен. Әлем чемпионатындағы мақсатым – тек бірінші орын алу» деді Зәкір кездесуден соң. Аса ауыр салмақтағы ол қарсыласын 115 секунд ішінде сұлатып салды.
Ал оның келесі жұдырықтасуы канадалық Томас Блуменфельдпен 14 қыркүйек күні өту керек еді. Алайда қарсыласы кездесуге шығудан бас тартып, 63 келіге дейін өнер көрсеткен Сафиуллин келесі кезеңге шықты. Сөйтіп екі айналымда мерейі үстем болып елді сүйіндірді.
Өкінішке орай, үшінші айналымда оның жолы болмады. 17 қыркүйек күні 63 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан Зәкір Сафиуллин 1/8 айналымда 2017 жылғы әлем чемпионы және Панамерика ойындарының екі дүркін жеңімпазы, кубалық Энди Круз Гоместен ұтылып қалды. Төрешілер 5:0 есебімен жеңісті кубалық боксшыға берді.

Жеті боксшы ширек финалда
Аты аталғандардан бөлек ел құрамасындағы басқа да боксшылардың бастамасы жаман болмады. Қазақ боксшысы Абылайхан Жүсіпов 69 келі салмақта Ник Бирден басым түсті. 91 келі салмақта сынға түсіп жатқан тағы бір боксшымыз Василий Левит те ширек финалға сүрінбей өтті. Ол украиналық қарсыласы Марат Григорянды айқын басымдықпен ұтты. 91 келіден жоғары салмақта сынға түскен Қамшыбек Қоңқабаев та қарсыласынан мықты көрініп, жарыстың 1/4 финалына жолдама алды. Сондай-ақ, жарыстың 1/4 финалдық сатысына Сәкен Бибосынов (53 келі), Қайрат Ерәлиев (57 келі), Тұрсынбай Құлахмет (75 келі) жолдама алған еді. Ал Закир Сафиуллин (63 келі) жарыс жолынан шығып қалды.
18 қыркүйек күні ширек финалға жолдама алғандар сынға түсті. Күндізгі жекпе-жектерде Сәкен Бибосынов 52 келіге дейінгі салмақта армениялық Артур Оганесянмен жұдырықтасты. Бойының ұзындығын пайдаланған С.Бибосынов арақашықтықты сақтай отырып, көбірек ұпай жинай алды. Соның нәтижесінде бес төрешінің төртеуі жеңісті Сәкенге берді. А.Оганесян да осал боксшы емес. Биыл Минскіде өткен Еуропа ойындарының чемпионы. Сәкен мұның алдында Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, колумбиялық Юберхен Мартинесті ұтқанын жаздық. Осылайша Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті деуге болады. Кем дегенде, қола медаль қалтада.
Ал тағы бір әскери спортшымыз Қайрат Ерәлиев 57 келі салмақта өзбек боксшысы Миразизбек Мирзахалиловпен қолғап түйістірген еді. Дегенмен бұл кездесуде Қайрат қарсыласына есе жіберіп қойды. Осылайша жартылай финалға өзбекстандық былғары қолғап шебері жолдама алып, ол жарыстан шығып қалды.
Біз үміттенген Василий Левит ширек финалда 91 келіге дейінгі салмақта иорданиялық Хуссейн Яшаишпен шаршы алаңда шеберлік байқасты. Қос боксшы да барын салғанымен, Василий өзіне тән мәнермен, көбірек жұдырық жұмсады. Төрешілер 4:1 есебімен жеңісті В.Левитке берді.
Тұрсынбек Құлахметте ширек финалда жұдырықтасты. Оның қарсыласы – 75 келіге дейінгі салмақта армениялық Арман Дарчинян. Тұрсынбай алға ұмтылған қарсыласын тосып алып, жұдырығын жиірек жұмсап, аяқпен де жылдам қимылдай білді. Төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен жеңісті қазақ спортшысына берді.
Қазақстан құрамасындағы Абылайхан Жүсіпов (69 келі) болса Доминикан Републикасынан келген Роан Поланкомен қолғап түйістірді. Төрешілер қазақстандық боксшының жеңісіне қолдау білдірді. Абылайхан Жүсіпов бұған дейін 1/16 финалда таиландтық Вуттичай Масукты, одан кейін германиялық Ник Бирді тізе бүктірген болатын. Абылайхан Жүсіпов 1997 жылы дүниеге келген. 2017 жылы Азия чемпионы атанса, сол жылы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.
Сондай-ақ Қамшыбек Қоңқабаев 91 келіден жоғары салмақта Нелви Тифакпен шеберлік байқасты. Қамшыбек биылғы әлем чемпионатында бұған дейін бір ғана жекпе-жек өткізді. Жарыстың 1/8 финалында ол испаниялық Аюб Гадфадан басым түсті.
Қамшыбек Қоңқабаев 1991 жылы 18 қарашада дүниеге келген. Бүгінгі күнге дейін 2017 жылғы әлем чемпионатында күміс жүлдені иеленсе, сол жылы Азия чемпионатында екінші орын алды.
Сөйтіп қазақстандық боксшылар қатарынан Сәкен Бибосынов (52 келі), Тұрсынбай Құлахмет (75 келі) және Василий Левит (91 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) пен Абылайхан Жүсіпов (69 келі) және (+91 келі) Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға жолдама алды. Ал Қайрат Ерәлиев алған жарақатына байланысты өзбек жігіті Миразизбек Мирзахалиловке жол берді. Ендігісін (20 қыркүйекте) осы алты спортшымыз жартылай финалда жұдырықтасады. Ал 21 қыркүйекте чемпиондар анықталады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатына 1993 жылдан бері тұрақты қатысып келеді. Содан бері барлығы 40 медальға қол жеткізді. Медальдің 11-і «алтын», 12-сі «күміс» және 17-сі «қола».


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"