Аумақтық қорғаныс бригадаларының басқармаларымен оқу-жаттығу өтті

2018 жылға арналған Қарулы Күштердің дайындық жоспарына сәйкес ҚР ҚК Аумақтық қорғаныс бас басқармасымен Астана қаласы аумақтық қорғаныс бригадасының басқармасымен командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді. Аталмыш оқу-жаттығудың мақсаты басқару, хабардар ету және байланыс жүйелерінің ұйымдастырылуын, тарату мен аумақтық қорғаныс бригадасының жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілуін тексеру болды.

Оқу-жаттығу шеңберінде бригада командирі тиісті жағдай бойынша шешім қабылдады. Штабпен қажетті есептоптар және бригада басқармаларының барлық лауазымды тұлғаларын тарта отырып, жоспарлаушы құжаттарды әзірлеу жөнінде әрі қарайғы жұмыстың ұйымдастырылуы өткізілді. Басқару органдары іс-қимылдарының үйлесімділігін арттыру мақсатында жедел жағдай ұдайы кіріспелерді жеткізу және кенеттен туындайтын тапсырмаларды шешу үшін өкімдерді беру арқылы өрістетілді.
Өткізілген іс-шара қорытындысы бойынша аумақтық қорғаныс бригадасы басқармасының әрбір лауазымды тұлғасының іс-әрекетіне баға бере отырып, тиісті талдау жүргізілді.
Аумақтық қорғаныстың маңызды тапсырмасы елді мекендерді, маңызды объектілер мен коммуникацияларды күзету мен қорғау, халықты қорғау болып табылатынын айта кету қажет. Көрсетілген тапсырмаларды орындау үшін өзінің Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі шекарасы шегінде аумақтық әскерлер арналған. Аумақтық қорғаныс бригадасының басқармаларымен командалық-штабтық оқу-жаттығу жиі түрде өткізіледі және алдын ала талдау көрсеткендей үйренетін штабтар жауынгерлік жұмысты ұйымдастыруда оң динамика көрсетуде.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"