Әскери қатысқан құтқару жұмыстары әркез есте

Табиғаттың тосын мінез танытуы таңсық дүние емес. Оның кейбіріне өзіміз себепші болып жатсақ, кейбірі қоршаған ортаның заңдылығынан орын алып жатады. Ондай зілзала, қар көшкіні, өрт оқиғалары сынды төтенше жағдайларда арнайы мамандармен бірге, әскери қызметшілер де білек сыбана құтқару жұмыстарына кірісіп кетіп жатады. Өйткені, адам – адам. Оның құндылығы, тірілігі, тіршілігі бәрінен қымбат.

Әскери қызметшілер араласқан құтқару жұмыстарының бірі былтырғы жылдың соңында орын алған екен. Жамбыл облысына қарасты Қордай ауданында сол тұста толассыз жауған қар қалыңдағы мөлшермен 50-70 сантиметрге жеткен еді. Бұл ахуал жұртты әбігерге түсірді. Сол мезетте көмекке әскери қызметшілер барды.
Оңтүстік өңірін таң қалдырған қолайсыз ауа райы Алматыдан Ташкентке қатынайтын тас жолдарда қар қалыңдығынан отызға жуық жүк автокөліктері 191, 216 шақырымдағы және Қордай асуында тоқтап қалады. Осы ауданда, Гвардейск қалашығында орналасқан 75263 әскери бөлімінде төтенше жағдайға байланысты арнайы техникалар мен жеке құрамынан командалар құрылды. Бірінші команданы бастаған инженерлік-саперлік батальонының командирі капитан Н.Сағандықов өз командасының жеке құрамын дереу жинады. Қойылған тапсырмаға сәйкес, Қордай асуындағы төтенше жағдайда тұрып қалған автокөліктердің шығуына көмек көрсетіп, елдің ықыласына бөленді.
Осы сияқты жағдай Қарағанды аумағында да орын алған. Қазақстан армиясының әскери қызметшілері облыс маңындағы жолда қалып қойған 120 адамды құтқарып, аман-есен алып қалады. «36352 әскери бөлімінің құтқару жасағы қарлы боранның қақпанына түскен автокөліктерді алып шығу үшін 4 сағат бойы жол тазалаумен айналысты», дейді оқиға куәгерлері. Ауа райының күрт бұзылуына байланысты Алматы-Екатеринбург трассасында Қарағанды қаласынан 47 шақырым қашықтықта Ақбастау кентінің маңында боранды күні 12 жүк көлігі, 10 жеңіл автокөлік, сондай ақ жүргіншілер мінген 2 автобус жолда қалған. Қар үйінділерінің биіктігі кей жерлерде 2 метрге дейін жеткен. Машиналарды эвакуациялау үшін Спассктегі оқу-жаттығу орталығының қолбасшылығы 2 автомобиль мен бір шынжыр табанды техника бөлді.
«Операция табысты аяқталып, әскери қызметшілер жүргізушілердің Қарағанды қаласына дейін жетіп алуына көмектесті. Қар құшағынан құтқарылған адамдар құтқару жасағының басшысы майор Леонид Маклаковқа, сондай-ақ техникамен көмек қолын созған аға сержант Н.Тойбековке, сержант А.Землянушкин мен сержант Д.Кротовқа алғыстарын білдірді», дейді Қорғаныс министрлігі мамандары.
    Биылғы ақпанда Ұлттық ұлан қызметкерлерінің көп қабатты үйдің тұрғындарын өрттен құтқарып қалғаны бар. Астана қаласындағы Жеңіс даңғылының бойында орналасқан көпқабатты үйдің 75 тұрғынынан командирге алғыс хат келіпті. Сонда барып бұл жағдайдың анық-қанығы белгілі болды.
3 ақпан күні шамамен 21:15-те қоғамдық тәртіпті қадағалайтын әскери жасақ басшысы, қатардағы жауынгер Нұртас Төреқұл көмек сұраған дауысты естиді. Аулаға келген әскерилер жиналған қауым мен қою түтінді көрген. Оқиға туралы олар әскери жасақ бойынша кезекші лейтенант Ержан Маратовқа хабарлайды, ол 101 телефонына өрт туралы хабар берді. Әскерилер Нұртас Төреқұл, Дархан Әлғазы және Бекзат Қабиев жоғарғы қабаттарға көтерілу туралы шешім қабылдайды. Қою түтін мен қолқаны қабатын иіске қарамастан олар 7 адамды, оның ішінде үш баланы ажалдан арашалап қалады. Жоғарыда аталған сарбаздар тұрғындарды эвакуациялап жатқанда, қатардағы жауынгерлер Ербол Смағұлов, Данил Кремер және Жасұлан Шалтабаев үй аумағын қоршады.
Тұрғындардың бірі 412-бөлмеде мүгедек адамның тұратынын айтқанда, әскерилер бөлмені тексермекке бел буды. Шын мәнінде, мүмкіндігі шектеулі жан бөлмесінен табылды. Арбаға таңылғандықтан, өздігінен шыға алмаған. Екі әскери қызметші оны қауіпсіз жерге шығарды. Төтенше жағдай қызметкерлері келген соң, әскери жасақ өртті тұтас сөндіргенше қауіпсіздікті қадағалады. Тұрғындарды эвакуациялауда көрсеткен табандылығы мен батыл әрекеттері үшін әскери қызметшілер алғыс хаттармен марапатталған.
Міне, бұл – біздің армияның тәрбиесі, өнегесі, айбыны. Қазақстан Қарулы Күштерінің келбеті десек те, қателеспейміз. Сарбаздарымыздың сапы бұзылмасын, қорғанысымыздың беріктігі артсын!

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"