Әскери прокуратураның Кадет сыныбы

«Әскери прокуратура Кадеті сыныбының» құрылғанына 1 жыл толуына орай қалалық білім бөліміне қарасты №36 мектеп-гимназиясы және Батыс аймағы әскери прокуратурасымен «Бүгінгі патриот - ертеңгі ел қорғаны» атты мерекелік шарасы ұйымдастырылды.

Ол шараға оқушылардың ата–аналары, Атырау облысы мен қалалық білім беру, №36 мектеп-гимназиясының басшылығы, Ауған соғысының ардаргерлері, сонымен қатар Атырау гарнизонының барлық әскери басқару және әскери құқық қорғау органдарының басшылықтары қатысты.

Кадет сыныбының тыңдаушылары жиналған қонақтарға саптық қозғалыс, қару-жарақтарды шашып жинау, басқа әскери нақыштарды, сонымен қатар ән-би өнерлерін де көрсетті.

Әскери прокуратура сыныбының тыңдаушылары алғашқы әскери дайындықты жақсы меңгеріп, отансүйгіштік пен патриотизмге тәрбиеленіп, білімдерін шыңдады.

Алғашқы әскери дайындық мәселесі тәуелсіз мемлекетіміздің құрылуының және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуінің маңызды бөлігі болып табылады. Сондықтан жалпы білім беру оқу мекемелерінде әскери прокуратураның кадеттік сыныптарын ашу және оқушыларды сабақтарға тарту, Отанды қорғау дайындығының тиімді әдістерінің бірі екені рас.

Кадет сыныбының тыңдаушыларына әскери прокуратура басшылығы оқу жолында табыс тілей отырып, білім ордасын, соның ішінде Кадет сыныбын сәтті аяқтау, одан алған сарқылмас білімдерін ары қарай жоғарғы оқу орындарында жалғастыруларына септігін тигізетініне және де өмірлеріне қажет болатындығына сенім білдірді.

Осы жұмысты ұйымдастырып, бастамаларды қолдап іске асырған мектеп басшылығына, облыстық және қалалық білім беру басқармаларының басшылықтарына, ата-аналарға, және де Кадет сыныбының жетекшісі Нұржан Зейнеденұлына ерекше алғыстарын білдірді.

 

                                                                             Әділет майоры А. Нұрғазыұлы

 

Батыс аймағы әскери

прокуратурасының аға прокуроры

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"