34 сарбаз «атқыш» мамандығын алды

Петропавлда ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебін аяқтаған 34 курсант  Жеңіс саябағында салтанатты түрде ант қабылдады.

Әскери техникалық мектептің тәрбиеленушілері 40 күн ішінде әскери-техникалық мамандықтардың бірін меңгереді. Оқу курсынан өткен түлектер «қатардағы жауынгер» атанып, әскери билетпен қатар «атқыш» мамандығы бойынша сертификат алмақ. «Оқуға ниет етіп келгендердің арасында заңгерлер де, бағдарламашылар да, мұғалімдер де бар. Олар әскери полигонда болып, оқу-жаттығулардан өтті. Қару-жарақпен танысып, нысанаға тигізуді үйренді. Әскери билет алғаннан кейін түлектеріміз қызмет етуге дайын», - дейді СҚО әскери-техникалық мектептің директоры отставкадағы полковник Қалиолла Сауытбеков.

Әскери техникалық мектепке 24 пен 27 жас аралығындағы жоғары білімі бар жігіттер ақылы түсе алады. Қалиолла Сауытбековтың айтуынша, мұндай мектептер тиімді, 40 күн ішінде әскери билет алу жастарға оңтайлы болса, еліміздің Қарулы Күштері қатары да мобильді резервпен толығады. Қазір мұндай мектептер еліміздің 15 қаласында бар. СҚО-дағы оқу орны Қостанай облысының азаматтарын да даярлықтан өткізеді. Оқу ақысы сарбаздарды күнделікті үш мезгіл тамақпен, әскери киіммен және жататын орынмен қамтамасыз етуге жұмсалады.

Биыл әскери-техникалық мектеп 500-ден аса азаматты оқытуға тапсырыс алған. Бұл жолғы түлектердің 15-і СҚО-дан болса, қалғаны –Қостанай өңірінің жігіттері. Жалпы жыл басынан 200-ге жуық азамат Петропавлдағы әскери мектепті бітірді.

Айман Әбжапбарова,

СҚО қорғаныс істері департаменті

баспасөз қызметінің бастығы




Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"